ЖАҢА ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

17:32, 11 шілде 2018

Металлургтер қаласында жаңа зауыт құрылысының басталуына байланысты капсула салынды. Өндіріс орны «Линде Газ Қазақстан» неміс компаниясының инвесторларының қаражатына бой көтереді. Аталмыш компания осыдан 5 жыл бұрын Теміртауда алғашқы зауыттарын ашқан болатын

Теміртау қаласы үшін бұл тарихи сәт. Салтанатты түрде «Линде Газ Қазақстан» неміс компаниясының екінші зауытының құрылысы үшін капсула салынды. Жаңа қондырғы Арселор Миттал Теміртау өндірісіне қажетті 100 пайыз оттегін шығарады. Бұл зауыттың құрылысына шет елдік инвесторлар шамамен 70 млн еуро қаржы құяды.

Алмас АЙДАРОВ,  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Қазақстандағы және Қарағанды облысындағы инвестициялық жағдай біздің жоспарларымызды кеңейтуге мол мүмкіндік береді. Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі, «Линде Газ Қазақстан» компаниясы бүкіл әлемдегі өнеркәсіптік құрылыстың даму тенденциясы болып табылады.

«АрселорМиттал» ЖШС-нің аумағында «Линде Газ Қазақстан» компаниясы алғашқы зауытын 5 жыл бұрын салған. Осы уақыт ішінде олар өз өнімдерін бүкіл Қазақстанға таныстырып үлгерді.

Батыржан ТЕРГЕУСІЗОВ,  «Линде Газ Қазақстан» ЖШС бас директоры:

- Бірінші қондырғы бойынша «АрселорМиттал» компаниясының қажеттілігіне шамамен 60 текше метр оттегін,  50 тонна сұйық азот шығарамыз. Бұл Қазақстандағы және таяу шет елдердегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттілігіне жұмсалады. Сондай-ақ, біз Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Әзербайжан көршілес елдеріне де өнім экспорттаймыз.

Бұл жаңа салынғалы жатқан зауыттың нобайы. Кәсіпорының құрылысына түрік компаниясы жауапты. Өндіріс орны басшылығының сөзінше, құрылыс Теміртаудағы экологиялық жағдайға зиян келтірмейді. Жоспарға сәйкес барлық жұмыстар келесі жылдың соңында аяқталады. Айта кетерлігі, өндіріс орны толығымен автоматтандырылған болады.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...