ЖАҢА ЗАҢДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

14:00, 15 қазан 2020

Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. Заңнамадағы жаңашылдықтар мен парақорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жайында Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Асхат Оразхан брифингте мәлімдеді

Біріншіден қолданыстағы бұл құжатта мемлекеттік қызметшілерге  кез-келген құнды сыйлық беруге тыйым салынған. Мәселен, «бармақ басты, көз қыстылық» әрекетке әкеп соғатын кәде - сыйдың  сомасы екі айлық есептік көрсеткішке дейін болса – алдымен әкімшілік жауапкершілікке, ал одан артса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың стандарттарын сақтауға жемқорлыққа қарсы комплаенс –қызметтер институты енгізілуде.

Асхат ОРАЗХАН, Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Жаңа заңға сәйкес ендігі кезекте мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты бақылауында болады. Бір айта кетерлігі, бұған дейін нормалар квазимемлекеттік компаниялардың тек бірінші басшыларына қатысты болатын. Сондықтан қазір заңмен жауапкершілік аясы едеуір кеңейтілді дейді. Ал, заңда жедел іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қылмыстарды арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Яғни, 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Асхат ОРАЗХАН, Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Қолданыстағы құжатта көрсетілгендей мемлекеттік қызметкерлер туған-туыстарын жұмысқа орналастыра алмайды. Түптеп келгенде мемлекеттік, оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға үміткерлер ұйым басшылығына жазбаша хабарлау міндеттелген.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар