ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

17:19, 5 наурыз 2020

Қарағандыда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы талқыланды. Оған қоғам белсенділері, сарапшылар мен заңгерлер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты

Жаңа заң жобасын талқылауға жиналғандар өте белсенділік танытты. Мәселен, тұжырымдамада «митинг», «пикет», «жиналыс», «шеру» секілді бейбіт акция түрлеріне нақты анықтама берілген. Әрі журналистердің құқықтары мен міндеттері белгіленген, - дейді сарапшылар. Бейбіт жиналыс өткізуге рұқсат беру мерзімі 15 күн бұрын хабарландырылу туралы талапқа қоғам белсенділерінің өз айтары бар. Айтуларынша, қаралымдағы жаңа заң бойынша өтінімді екі жұма бұрын ескертіп, жауап күту, талқылайтын тақырыптың да, мәселенің де  маңыздылығын  төмендете түспек.

Жексен ӘБДІРАХМАНОВ, қоғам белсендісі:

-Ерте хабарландыру. Мүмкін емес. Осыны қайта қараса. ....

Қабылданғалы тұрған жаңа Заңды талқылау үш сағатқа созылып, бірқатар ұсыныстар ортаға салынды. Мәселен, қоғам белсенділері заңның атауын өзгерту керек десе, енді бірі кәмелет жасына толмағандарды қатыстыруға тиым салу қажеттігін айтты. Ал заңгерлер тұжырымдаманы қабылдамас бұрын, әуелі халықаралық институттарға сараптамаға жіберу керек деп санайды. Талқыланып жатқан заң жобасы аясында бала құқығын қорғауға басымдық берілуде. Нәтижесінде  бейбіт жиналыстар белгіленген орындарда өткізілу міндеттелмек.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, облыстық мәслихаттың депутаты:

-Барлық ұсыныстар маңызды.

Министр  бейбіт жиындарға қатысушылардың санын 250 адам деп шектеу енгізу жөнсіз деп санаған мемлекет басшысының да шешімін ортаға салды. Біз қарапайым азаматтардың мүдделерін ескеруіміз керек, деген Дәурен Абаев әрбір сұрақты жауапсыз қалдырмады.

Дәурен АБАЕВ, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

-Ұсыныстар айтылып жатыр, ол ұсыныстарды біз зерттеуіміз керек. Қазіргі заңға сәйкестігі келе ма, келмейді ма, біз қараймыз. Содан кейін оны  қоғам алдына тағы да ұсынамыз.

Қоғам белсенділері заңды бекіту барысында бірқатар түсініспеушіліктер барын айтып, қайта қарауды ұсынды. Ал, бұған дейін заң жобасында қатысатын адам 250-ден аспаса билікті тек хабардар ету жеткілікті делінген болатын. Қазір Президент тапсырмасымен бұл шектеу жойылған. Бұл да халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастырудың айқын көрінісі -дейді , қоғам белсенділері.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар