ЖАҢА ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ

16:51, 14 қыркүйек 2020

Қарағанды қаласының жолаушылар тасымалы көлігінде жаңа жүйе іске қосылмақ. Электронды билеттеу жүйесі алдымен сынақтан өтеді

15 қыркүйектен бастап Қарағандыда электронды билеттеу жүйесі тестіден өте бастайды. Жүйені сынақтан өткізу екі аптаға созылады. Бүгінгі күнге дейін шамамен 2,5 мың қала тұрғыны жол ақысын төлеу үшін арнайы карталарды сатып алған. Облыс орталығында барлығы осындай 250 мың карта сатылымға түсті. Олардың барлығы Оңтүстік Кореяда өндірілген, болашақта оларды қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлеу үшін ғана емес, сонымен қатар супермаркеттер мен дүкендерден тауарлар сатып алу үшін де пайдалануға болады.

Ескендір ҚАБИДОЛЛА,   коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі бөлімінің сектор меңгерушісі:

-  Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе қалаларындағы осы жүйені меңгеріп көрдік. Жеке өз басым да барып, қандай кдеергілер барын біліп қайттым. Әр қалада әр түрлі мәселелер кездесті. Мысалға, Алматы қаласында карточка саны жетпесе, қызмет сапасы төмен, интернет жылдамдығы төмен жайттар болды. Ал, Атырау қаласында мұндай кедергілер мүлдем кездеспеді.

Карталардың бірнеше түрлері бар: жалпы, оқушылар, зейнеткерлер және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері үшін. Бір картаның бағасы - 600 теңге. Олардың барлығы нөлдік теңгеріммен сатылады. Толтыру үшін ең аз сома - 100 теңге салынуы тиіс.  Картаны бүкіл қала бойынша 50 ұялы байланыс бөлімінен, "Қазпоштаның" 48 бөлімшесінен алуға болады.

Ан МИНЁНГ, «SMART CARD» компаниясының президенті:

-  Біздің карталар жоғары дәрежеде қорғалған. Олар сондай-ақ әртүрлі дүкендермен біріктірілуі мүмкін. Сондықтан, біздің карталардың көмегімен болашақта сіз жол ақысын төлеп қана қоймай, қажет заттарыңызды сатып ала аласыз. Сондықтан баға басқа аймақтарға қарағанда сәл жоғары.

Карточка жоғалған немесе бұзылған жағдайда, онда бар теңгерімді жеке тіркеу деректерін қолдана отырып, жоғалтпай жаңасына ауыстыруға болады. Егер карта өндірушінің кінәсінен істен шықса, Smart Card компаниясы жаңасын тегін ұсынады. Карталар қате төлемдерден қорғалады. Ол 15 минут ішінде жол ақысын қайта төлей алмайды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар