ЖАҢА ТЕЛЕЖОБА

17:06, 10 тамыз 2020

«SARYARQA» телеарнасында көпшілік көрерменге тың туынды жол тартты. Қазақтың ұлы ақыны, дана Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Сарыжайлау» кинотеатрымен біздің шығармашылық ұжым бірігіп, телевизиялық жоба ұсынады

Тележобаның негізгі мақсаты қазақ хакімінің пәлсапаға толы шығармаларын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау.Бейнероликке біртуар кемеңгердің 45 қара сөздеріндегі даналыққа толы ойлары арқау етілген.Себебі  тау тұлға қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны.Бұл жаңа жоба Абайды тереңнен танып-білумен қатар  данышпанның дүниетанымына үңілуге жол ашады.Сондай-ақ ақын туындаларында атап көрсетілген адалдық,адамгершілік қасиеттері туралы айтылған  өнегеге толы өлшемдерін, қанатты сөздерін  жастарға тереңнен дәріптеуге негізделген.Қара сөздерді кәсіби актерлар мен сөздің иесін танып, киесін өнерпаздар  мәнерлеп оқыған. Рухани жобаның идеясын жүзеге асыруға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбекова бастамашы болған.Айта кетейік, қазақтың ойшыл-кемеңгерге арналған телевизиялық жоба бүгін кешкі сағат 17:55-те және сағат 19:27-те облыстық  «SARYARQA» телеарнасының эфирінен көре аласыздар.

Галина ФАРИНА, «Сарыжайлау» кинотеатры директорының орынбасары:

- Абай Құнанбаев философ, классик.Оның шығармалары қанша ғасыр өтсе де құндылығын жоғалтпайды.Керісінше бүгінгі ұрпаққа берер тағылымы мол.Тағы қуантарлығы елімізде 10 тамыз «Абай күні» болып жарияланды.Ұлы классиктің мерейтойына арнап біздің «Сарыжайлау» кинотеатры «Сарыарқа» телеарнасы бірлесіп, бейнеролик жасадық.Әсіресе тележобаға мәдениет майталмандарымен шығармашылық ұжымдар   танымал әртістер үлкен үлес қосты.Біздің меңзеген межеміз ақынның ұлағатты үстанымдарында  көрсетілген кесек ойларды  жас ұрпақтың санасына мөрдей басып сіңіру. Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ал рухы асқақ ұлты барда Абай мұралары  мәңгілікке өлмейтінін ақиқат.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар