ЖАҢА СТАНЦИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ

15:42, 11 қазан 2018

Қарағандыда жаңа электр станциясы пайда болады. Оның қуаттылығы ескісінен әлде қайда күшті. Нәтижесінде жаңа мүмкіндіктерге де жол ашылады. Яғни шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына жол ашылады. Қарағанды жарық компаниясының энергетиктері жаңа «Тихоновка» станциясының құрылыс туралы айтып берген еді

«Тихоновка» аталған ескі станция пайдаға 1967-ші жылы берілген болатын. Қазір оған 23-ші шағын аудан үйлері мен 22-ші шағын ауданның жартысы және барлық жер үйлер қосылған. Бүгінде «Қарағанды Жарық» бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізіп келеді.  Келер жылы монополист қуаттылығы 110/10 киловатт болатын жаңа станцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Құрылысы биыл басталып ктекен.

Алексей БОЧАРНИКОВ, «Қарағананда Жарық» ЖШС жоғары вольтты электр желілері бойынша директордың орынбасары:

-Жаңа станция ток қуатын қажетті мөлшерге көтеруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде авариялық жағдайлар азаяды. Қазір құрылғылар орнатылып жатыр. Ең замануй техниканы алып жатырмыз. 2 күштік трансфарматор Екатеринбургтен жеткізілуге дайындық үстінде. 1 ай ішінде келеді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына электр жұйесінің тікелей қатысы бар. Мысалға мында кей кәсіпкер ісін дөңгелетуге талпынған. Алайда, қуат жоқ жерде кедергі көп. Сондықтан жаңа жүйе бұл кедергілерді толықтай жояды. Ал, мамандар замануи станцияның мүмкіндіктері бойынша қосымша оқытудан өтеді.  

Виталий КАНАШКИН, "Қарағанды-Жарық" ЖШС техникалық директор орынбасары:

-Қазір ток жүріп тұрған станцияға 50 жыл болды. Сыртқы ток тарту жұмыстары басталған кезде станция 200 пайызға дейін жүктелген еді. Сондықтан жаңасын салу кезек күттірмеді.

40 мың кил ваттық қуаттылығы бар  күштік трансфарматор іске қосылса, 12,39 Мега ватт қосымша қуат көзі болады. Бұл станцияның көп мөлшерді абоненттерге кедергісіз қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді. Станцияға қажетті құралдардың кейбірі Ресейден жеткізілсе, кейбірі Қазақстандық өнімдер екенін айта кеткен жөн. Құрылғы келер жылы пайдаға берілмек.

 Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар