ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

13:23, 22 мамыр 2020

Елімізде, мемлекеттік қызметке тұру жеңілдетілді. Енді азаматтар жарияланған бос жұмыс орындары конкурстарына үйден шықпай-ақ қатысуларына болады

Азаматтардың мемлекеттік органдарда еңбекке орналасу үшін жарияланып жатқан конкурстарына үйден шықпай қатысуларына рұқсат беріліп отыр. Ол үшін, әлгі үміткер азамат өз құжаттарын электронды түрде арнайы поштаға жіберуге болады. Яғни, бүгінгі таңда бұрыңғыдай мемлекеттік органға барып құжат тапсырудың қажеті жоқ.  Енгізілген өзгерістерге сәйкес әңгімелесу бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.Бұл өте пайдалы үрдіс...  

Берік АХМЕТОВ, мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:

- Жоғарыда айтылып өткен өзгертулер мен толықтырулар азаматтардың мемлекеттік қызметке түсу процессін жеңілдетуге бағытталып отыр.

Мемлекеттік қызметке түскісі келетін азаматтар ең бірінші заңнама нормаларын білу бойынша тестілеуден өтеді. Кейін, құзіреттерін бағалау бойынша бақылау болады.  Мұнымен қоса, басшы лауазымдарға үміткерлер аталған іріктеулермен қатар белгіленген тақырыпта эссе жазады.

Талант МЕДЕТ, мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:

-Бүгінгі таңда байқаушы ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес құжаттарын тапсырған кандидаттардың арасынан ең мықтысын таңдау мақсатында іріктеудің қосымша түрлерін қолдануға рұқсат беріліп отыр. Мысалы, конкурстық комиссия ситуациялық, практикалық тапсырмалар беруге болады.

Сондай-ақ, үміткердің келісімімен ғаламтор-ресурстар мен әлеуметтік желілерде   сұхбаттың онлайн көрсетіліміне рұқсат етіледі. Бұл   конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге де мүмкіндік болмақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар