ЖАҢА ОРЫНБАСАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:20, 6 қыркүйек 2019

Президент Әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Енді бұл лауазымды Абзал Нүкенов атқарады

Абзал Нүкенов мамандығы бойынша саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2000 жылы "NurOtan"партиясынан бастаған. 2005-2009 жылдар аралығында Алматы қалалық әкімдігінің ішкі саясат департаментінің басшысы, одан кейін оңтүстік астананың Әуезов ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Президент Әкімшілігінде Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығына басшылық етті. Сондай – ақ, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қызметін атқарған. Облыс әкімі Ерлан Қошанов жаңа орынбасарды құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Абзал Нүкенұлы бірнеше бағыттағы сұрақтарға жетекшілік ететін болады. Бұл – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тіл саясаты, ішкі саяси тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, жастармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу. Бүгінгі таңда Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыруды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асуда. Оның аяқталуына небәрі үш ай уақыт қалды. Денсаулықсақтау саласында әзірге кураторды өзгертпейміз, Алмас Айдарұлы жетекшілік ететін болады.

Абзал НҮКЕНОВ, облыс әкімінің орынбасары:

-Жауапты қызмет. Қарағанды өңірі өзінің рухани байлығымен қоса өндірістің өрісімен ерекшеленеді. Сондықтан да әріптестермен бірге абыройлы жұмыс атқарамыз деп сенемін.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар