ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

16:33, 7 тамыз 2020

Тамыз айының соңына дейін шалғайда жатқан 85 ауыл ғаламтормен қамтамасыз етіледі. Сол арқылы 5 мыңнан астам оқушыны онлайн оқытуға жағдай жасалады. Жаңа жағдайдағы жаңа оқу жылына дайындық барысын өңір басшысы Жеңіс Қасымбек арнайы брифингте айтып берді

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Облыста 505 мектеп жұмыс істейді.  Биыл 200 мыңға жуық оқушы білім алады. Оның 24 мыңға жуығы бірінші сынып оқушылары. Оқушылардың жетпіс пайызы онлайн оқитын болады. Бастауыш сыныпта 48 мың оқиды. 3 жарым мыңға жуық кезекші топтар жұмыс істейтін болады. Бұл ата-аналардың өтініші бойынша іске асып отыр.

Аймағымыздағы білім ордаларының барлығы бірдей онлайн оқуға көшпейді. Азғантай ғана оқушылары бар 193 ауылдық мектепте сабақтар бұрынғы тәртіп бойынша өтеді. Оның үстіне шалғай аулдардағы ғаламтор жылдамдығы онлай сабақ өткізуге жарамайды. Бұл мәселе жөнінде ата-аналар тарапынан да талай шағым келіп түсіп жатыр. Облыс әкімі мердігерлермен келісімге келді. Енді алыстағы елді-мекендерде онлайн сабақтарға жарамды ғаламтор желісі болады.  

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Үлкен ауылдар бар. Олар онлайн режимде жұмыс істейді. Сол ауылдарда 85 мектеп бар. Мектептегі ғаламтордың сапасын көтеру керек. Ол мәселе бойынша министірлік қатысқан осы аптада үлкен жиналысты өткіздік. Үлкен опреаторлар қатысты. Операторлар жұмыстардың бәрін аяқтайды

Алдағы оқу жылының алғашқы кезеңінде білім ордаларында кезекші топтар жұмыс жасайды. Ол топта 15 оқушы ғана болады. Ата-аналардың өтініші бойынша кезекші топта оқитындардың тізімі жасалып жатқан көрінеді. Бірінші сыныптағылар ыстық аспен қамтамасыз етіледі- деп жоспарланған еді. Бірақ, карантинге байланысты мектеп ішіндегі асханалар өз жұмысын оқу жылында бастамайды. Кезекші топтарды балабақшаларда да ашу жоспарда бар –дейді әкім.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Бүгінгі таңда облысымызда 537 балабақша бар. Оларға 44 мың бүлдіршін тіркелген. Карантинге байланысты балабақшалардың жұмысы тоқтатылған. Эпидемиялогиялық жағдай жақсарған соң өз жұмыстарын кезекші топтармен жалғастырады. Бұл 16 тамыздан кейін болады.

Компютерлер мәселесіне келетін болсақ, олар алдымен жағдайы төмен отбасыларға беріледі. Облысымыздағы олардың жалпы саны 28 мыңды құрайды екен.. Осы күнде облыстық бюджет есебінен 9 мың компютер сатып алынған. Оқу жылының соңына дейін тағы 5 мың данасын алуды көздеп отыр. Кітап мәселесі де оң шешімн тапты. Бүгінгі күнде білім алуға қажетті кітаптардың 30 % мектептерге жеткізілген. Атап өтейік, студенттер де онлайн оқуға көшеді. Бірақ, студент саны 200-ден аспайтын аудандардағы колледждер байырғы тәртіппен  оқытады. Тәжірибені қажет ететін, техникалық білім беретін оқу орындарында сабақ шеберханалар мен сыныптарды өтеді.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар