ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН БАСТАУ

17:28, 2 қыркүйек 2019

Тақырыпты жалғастырамыз. Жаңа оқу жылына арналған салтанатты жиын №93 гимназияда да өтті

Биыл бұл оқу орынының табалдырығын 200-ден астам  бірінші сынып оқушысы   аттады. Дәстүрге сәйкес бүлдіршіндерге ізгі тілектер айтылды. Салтанатты жиыннан кейін  барлық оқушылар  сынып сағатына  қатысты. Айта кету керек,  жыл сайын гимназия  ұлттық бірыңғай тестілеуден  жақсы нәтиже көрсетуде. Былтырғы оқу жылында гимназиядан 6 «Алтын белгі» иегері шыққан. Осы жылы  мұнда  әр түрлі бағыттағы  17 жоба  жүзеге асырылып жатыр.

Аягүл АХМЕТОВА, №93 гимназия директоры:

-Біздің гимназия оқушылары педагогтардың еңбегін ақтады. Олар қалалық, республикалық  деңгейдегі  пәндік олимпиадалармен  шығармашылық байқау қорытындысында жоғары нәтиже көрсетті. Көптеген жылдар бойы  білім бәсекелерінде үздіктер қатарынан көрініп жүр. Инновациялық деңгейлері үнемі алдыңғы қатардан түспей келеді. Түлектеріміздің 75 проценті еліміздегі беделді университеттер мен  шетелдің оқу ордаларына грантқа түсті.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар