ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ

16:55, 12 қыркүйек 2019

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыс орталығында құрылысы қызу жүріп жатқан бірнеше нысанды аралап көрді. Тексеру барысында мердігер компанияларға ескертулер айтылып, нақты міндеттер жүктелді

Қарағанды шаһары жылдан жылға көркейіп, жасарып жатқаны бәрімізге белгілі. Қалада су жаңа нысандар салынып, олардың құрылысы аяқталуға жақын. Облыс басшысы Ерлан Жақанұлы аталмыш ғимараттардың бойкөтеру барысын өз бақылауына алған.

Жеңіс саябағының ауданында орналасқан мына теннис корты - әуелі орталық саябақ маңынан бой көтеруі тиіс болатын. Алайда, тұрғындар қарсылығы ескеріліп, спорттық нысан Шахтеров және Приканальная көшелерінің қиылысында орын тепті.  Құрылыс барысына "Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жауапты. Жоспарға сәйкес, жоба құны 2,2 млрд теңге. Оның жалпы аумағы 7300 шаршы метрді құрайды. Мұнда жеті жабық және төрт ашық корт болады.

Тұрғындарды жайлы серуенмен қамтамасыз етіп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасайтын триатлон саябағы  Октябрь ауданында салынып жатыр. Саябақта жүгіру және екі велосипед жолы қарастырылған. Трассалардың жалпы ені 6 метрді құрайды. Сондай-ақ парк аумағында 100 велосипедке арналған транзиттік аймақ, қоғамдық тамақтану алаңы, сақтау камерасы бар киім аусытыратын орын және  спортпен шұғылданатын аумақ болады.

Облыс әкімі жаңадан салынып жатқан балалар және жасөспірімдер сарайына да барып қайтты. Төрт мың баланы тегін үйірмемен қамтамасыз ететін орында жұмыс қазір тиісті деңгейде атқарылып жатыр және мерзімнен ауытқулар жоқ. 

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар