ЖАҢА МЕДИАХОЛДИНГ

17:31, 14 ақпан 2020

Облыстық «Орталық Қазақстан» мен «Индустриальная Қарағанды» газеттері, сондай-ақ Ақпараттық талдау орталығы мен Life 09 онлайн ақпарат агенттігі бұдан былай «SARYARQA AQPARAT» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамына кіреді

Бұл басылымдарды  бір медиахолдингке біріктірудегі мақсат - мерзімді баспасөзді заман талабына сай жаңғырту, жаңаша формартқа ауыстыру. Газет ұжымдары осынау идеяны қолдап отыр. Енді, ақпараттық бірлестікке «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Қамбар Ахметов басшылық жасайтын болады. Жаңа құрылған холдинг жетекшісін облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов таныстырып, алдағы мақсаттарды жеткізді.

Абзал НҮКЕНОВ,  облыс әкімінің орынбасары:

-Ақпарат саласы бүгін мүлде жаңа  жағдайда жаңа құралдармен, жаңа әдіс-тәсілдермен толығып отыр. Соған сай біз жауап бере білуіміз керек. Соған сәйкес бізде басқару жүйесінде жұмысты жүргізу тәртібінде тиісті өзгерістер енгізу күн тәртібіндегі мәселе.

Қамбар АХМЕТОВ, «SARYARQA AQPARAT» медиахолдингінің директоры:

-Газет, интернет, әлеуметтік желілер ол бір бір-біріне қарсы емес, керісінше, бірін-бірі толықтыратын ақпарат құралдары. Біз енді осы бағытта жұмыс істеуге тырысамыз.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар