ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

16:55, 12 қазан 2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана қоры тағы бір кітаппен толықты. Бұл жолы қарымды қаламгер, Мәдениет қайраткері, жазушы Сүйіндік Жаныспайдың «Тұзақ» атты туындысының тұсауы кесілді

Жерлесіміздің «Тұзақ» - деп аталатын аударма кітабы бірнеше ұлт жазушыларының туындыларымен толыққан. Басты тақырып - кеңес заманында орын алған қылмыстық жайттың жан-жақты ашылуы қамтылған. Атақты кенші Алексей Стахановтың «Соғыс жылдарында» кітабының бірінші тарауы да әдемі аударылыпты. Одан бөлек, латын, башқұрт, украин жазушыларының еңбектерін де осы басылымнан оқуға болады.

Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ   Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Президентіміздің рухани жаңғыру болашаққа бағдар мақаласы аясында көптеген ағапртушылық жұмыстар атқарылуда. Бұл шарада соның жалғасы. Тұзақ кітабым татар жазушысының татарстанда орын алған қылмыстың ашылуын қамтиды. Оқуға жеңіл. Оқырман көңілінен шығады деп ойлаймын.

Шара  аясында кітапхана ұжымы «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында көрме ұйымдастырған. Мұнда ақын һәм жазушы -Сүйіндік Жаныспайдың 1974 жылдан бастап шыға бастаған төл туындылары қойылған.  Онда: Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев секілді біртуар азаматтардың өнегелі өмірі  қамтылған.  Туған жердің әсем табиғатын суреттейтін еңбектері бір төбе. Ал  «Сарыарқаның самалы», «Ақ босаға» секілді  кітаптары оқырманның оң бағасын алған. 

Ерсін МҰСАБЕКОВ  «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары

Өз басым кітаптың өз оқырмандары табыларына сенімдімін. Әріптесім, әрі ұстазым Сүйіндік Жаныспайдың бұл туындысы детективті жанр. Бізде мұндай жанрда өте аз .  сонықтан Қазақстан, оның ішінде қарағанды әдебиетіне қосылған үлкен үлес деп есептеймін.

Сүйіндік Жанысбай Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Облыс әкімі «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері.  Еңбек жолын  облыстық телеарнаның  жаңалықтар бөлімінде тілші ретінде бастаған.   Зейнеткерлік жасқа дейін облыстық  «Орталық Қазақстан» газетінде жемісті еңбек етті. 

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...