ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ

13:37, 18 қыркүйек 2019

Қазақстан халқының тілдері күні аясында облыстың 120 мыңнан астам тұрғыны жаппай диктант жазды. Латын негізіндегі қазақ әліпбиін жетілдіруді мақсат еткен шара Теміртау қаласында да өз деңгейінде өтті

Бұл Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті.  Сағат 11-00-де басталған диктантқа аталмыш оқу орынының 400 астам сутденті мен оқытушылары қатысты. Одан бөлек мемлекеттік қызметтегі мамандар да бар. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай да қазақ әліпбиін дамытуды көздеген диктантқа қатысушыларға сәттілік тілеп, өз біліктілігін ортаға салды.

Мирас ҚҰТТЫБАЙ, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

-Бұл енді біздің мемлекетіміздің, мемлекеттік тіліміздің жаһандық әлемде ойырп тұрып орын алуы үшін осындай қадамға барып отыр. бұл қажеттілік. Теміртау қаласының студент жастары, мемлекеттік қызметкерлер барлығы қатысуда. Латын әліпбиін білуге, жазып үйренуге деген ниепен, осы шараны ұйымдастырып отырмыз.

Латын қарпіндегі жалпыхалықтық диктантқа теміртаулық 5 мыңнан астам адам қатысты.  Оған шаһардың 15 жастан асқан кез-келген тұрғыны қатысуға мүмкіндік алды.

Жәния ҚАПАШЕВА, ҚарМИУ деканының орынбасары:

-Бұл шара Теміртау қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі мен Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университетінің бірлесіп өткізуі. Қазақстан халқының тілдері күні аясында. Практикалық тұрғыда қазақ әліпбиіне дағдыландыруға бағытталған.

Диктант тақырыбы «Бәсекеге қабілеттілік» деп аталды. Жарты сағат ішінде студенттер өз біліктіліктерін көрсетіп, латын қарпіндегі мәтінді айна-қатесіз жазып, мүдірмей оқып шығу қажет болды.

Аружан НЫШАНБАЙ, ҚарМИУ-дың  студенті:

-Бүгінгі диктант жақсы өтті. «Бәсекеге қабілеттілік» тақырыбы бойынша өтті. Бүгінгі заман талабы бойынша бәсекеге қабілетті болуымыз шарт. Біз үшін өте пайдалы.

Жобаның мақсаты – жалпыұлттық бірлік пен келісімді нығайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру. Нәтижесінде,  халық пен қоғамды бжақындастыра отырып, мемлекеттік тілді үйренуге барынша ынтаны арттыруға бағытталған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар