ЖАЛҒАН ҚОҢЫРАУ ШАЛУ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

16:48, 12 қаңтар 2021

Бүгін облыстық клиникалық аурухана ғимаратына бомба қойылғаны туралы жалған қоңырау түсті

Мобильді қаскүнемдерден 102 телефонына хабарлама бүгін 12 қаңтарда келіп түсті. Олардың айтуынша, бомба Н. Назарбаев даңғылында орналасқан облыстық клиникалық аурухана ғимаратына қойылды делінген. Оқиға орнына жедел қызмет көрсету қызметкерлері келді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Полиция департаментінің хабарлауынша, кінәлілерді іздеу шарлары жүріп жатыр.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Ғимараттың іші мен қатар сыртқы аумағы толықтай тексерілді.Қазіргі кезде қасақана әрекетке барған адамды іздеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.Айта кету керек,облыстық полиция департаментіне қойылды деген өтірік қоңырау бұған дейін де болған.Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 273-ші бабына сәйкес жалған қоңырау шалу террористік әрекет деп табылады.Сондай-ақ, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар