ЖАҚСЫЛЫҚ ШАРАПАТЫ

13:07, 3 тамыз 2020

Қайырымдылық - қайырлы іс! Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айт мейрамы қарсаңында «Мың алғыс!» жалпы республикалық акциясын өткізді.Олар қаламыздағы психо-неврологиялық әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне және емделуші балаларға арнап қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Қасиетті  «Құрбан Айт» мерекесі қарсаңында Ассамблея жанынан құрылған «Аналар кеңесі» және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы  психо-неврологиялық аурухана дәрігерлері мен емделушілеріне қайырымдылық акциясын өткізді. Шараның негізгі мақсаты - елдегі карантинге байланысты шын мұқтаж жандарға көмектесу. Жомарт жандар акция барысында ақ халатты абзал жандарға моральдік тұрғыдан қолдау жасады. Ал емделушілерге азық-түлік пен антисептикалық заттарды тегін таратты.

Бақтияр БЕКМҰРЗАЕВ,  облыстық «Қоғамдық келісім» ҚМУ директоры:

-Біз бүгін әлеуметтік медициналық орталықта тұрмыз.Мұнда қазіргі елдегі қиын кезеңге орай,қолымыздан келгенше жақсылық жасауға дайынбыз. Қазір осы жерде ем алып жатқан балаларға сондай-ақ, дәрігерлерге азық-түлікпен, жеке гигеналық заттар таратылады.Жақсылық жасауда ешбір ұлтқа, нәсілге бөлінбеген дұрыс.

Сондай-ақ, Ассамблея мүшелері «Мектепке жол» акциясы аясында көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Қайырымды жандар мектепке арналған оқу-құралдары және киім –кешекпен қамтамасыз етті. Ассамблея мүшелері осындай игі істермен 70 отбасын қуанышқа бөлеген.

Жанар КЕНЖЕҒАЛИЕВА,   ​​облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы:

-«Аналар кеңесі» құрамында жасы 60 –тан асып кеткен аналарымыз, әжелеріміз жұмыс жасайды.Ол кіслердің барлығы өз істерінің майталманы.Жеткен жетістіктері де мақтанарлық.Бүгін осы аналарымыз өз қалталарынан ақша жинап, шарапатты іс жасап отыр.Олар медицина қызметкерлері мен ем алып жатқан жас жеткіншектерге қажетті заттар таратады.

«Аналар кеңесі» мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы қайырымды істі бұдан әрі жалғастыра бермек. Алдағы уақытта зейнеткерлер мен көп балалы аналарға арнап,қажетті тұрмыстық заттар мен азық-түлік  таратпақ ниетте.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар