Жайық Бектұров атындағы жастар кітапханасы онлайн конференция өткізді

19:23, 17 наурыз 2017

Ресейлік жастар Абай шығармаларымен таныспа? Ал, Есенин мен Пушкинді қарағандылықтар қаншалықты сүйіп оқиды? Поэзия әлемінің тарландары атанған ақындардың әдеби туындылары жас буынның талқылауынан өтті. Тараптар тікелей онлайн байланыс арқылы конференция өткізіп, пікір алмасты

Жайық Бектұров атындағы жастар кітапханасы тікелей байланысқа осыған дейін Украин, Қытай елдерімен шыққан. Бұл жолы жерлестеріміз  Ресей елінің Қорған облысының жасөспірімдер кітапханасымен тілдесті. «Бота» интеллектуалдық орталығының мүшесі Ерзат Ермағамбетов көпшілікпен бірге ресейліктермен байланысқа шықты. Уфа қаласында магистратурада оқып жүрген ол қазіргі таңда аталмыш рухани ордада тәжірибелік сынақтан өтуде.

Қос облыс поэзия әлемінің бүгінгі ахуалы мен келешегін сөз қылды. Тақырыпты ашу -өткенге көз жүгіртпей талқыдан өтпесі анық. Осыны ескерген кітапхана ұжымы әдебиет саласының майталмандарының еңбегінен үзінділер оқыды. Ақын Руслан Нұрбайдың айтуынша, келешегі кемел қазақ әдебиетінің тұғыры әрқашан биіктен көрінуі -жас буынның қолында.

Ресейлік жастар мен қарағандылықтар конференция барысында қос қаланың тарихымен бейне ролик арқылы танысты. Жайық Бектұров атындағы кітапханада ағымдағы жылы осындай тікелей байланыстар ұйымдастырылады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
16:56, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды қаласында  «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция басталды
16:32, 13 қазан 2017
Қарағанды қаласында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап с...
Толығырақ...