ЖАЙНАҒАН ӨҢІР, ҚАЙНАҒАН ӨМІР

16:06, 16 қыркүйек 2020

Жаңаарқа ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.Игі бастаманың нәтижесінде өңірде 44 жоба қанат қақты.Мектептер мен балабақшаларға жөндеу жүргізілді.

Жаңаарқа ауданында «Балдырған» балабақшасының қасбетін жөндеу жұмыстары сапалы жасалған.Себебі мердігер жүктелгенді міндетті кестеден кешеуілдемей, құрылысқа бірыңғай отандық материалдарын қолданған  көрінеді.Жауапты компания мектепке дейінгі білім беру мекемесінің сыртын сұйық травертинмен сылап, қаптаған.Бұл бағыттағы мақсатты жұмыстарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 25 миллион теңге бөлініп отыр.

Райхан СМАҒҰЛОВА, «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі:

-Мердігер жұмысты сапалы түрде аяқтады.Дер кезінде кеткен кемшіліктерді  аудандық әкімдік пен  «Нұр Отан» тарапынан  және қоғамдық кеңес мүшелері  бақылап отырды. Көңіліміз толады. Мердігер атқарған жұмысына 3 жылға кепіл беріп отыр. 

Дәл қазіргі уақытта нысанның өрт сөндіру сатылары қалпына келтірілу үстінде.Бөбекжайдың аумағын абаттандырылып, ажары ашылады. Сәтін салса, балабақшаның айналасына   6 бірдей жарық шамдары орнатылады. Ал бүгінде тәрбие ошағында кезекші 5 топ жұмыс істейді. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ұжымы санитарлық талаптарды сақтауда.Күн сайын медбикелер бүлдіршіндердің температурасын өлшеп,қолдарын антисептикпен сүртеді.

Сонымен қатар аудандағы «Ертөстік» балабақшасының қасбеті де жаңартылған.Мемлекеттік бағдарламаның арқасында бөбекжайдың сәні мен сәулеті келісті. Өңірдегі білім ордалары  жөнделген. Бұдан бөлек жаттығу залы бар 25 метрлік бассейн мен мектептің құрылысы қарыштап қарқын алды.Ауылдардағы жолдар жөнделіп, көшелердің көркі кірді.

Венера ТОҚАНОВА,  аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

-42 жоба ағымдық жөндеу жұмыстарына бағытталған.Олар бүгінгі күні аяқталды. Сондықтан азаматтарды құрылыс саласына жіберіп отырмыз.Олар жұмыссыз жастар, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар. Сонымен қатар еңбекке жарамды екі мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты.Қомақты қаржы жақсы игеріліп, Жаңаарқамыз көркейіп жатыр.

Өңірге өң берген бағыты айқын бағдарламаның аясында қараша халық ешқайда сабылмай,іргеден көппен бірге еңбекке тартылды.Сөйтіп олардың тұрмысы түзеліп,тұрақты табыс көзіне кенелді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар