ЖАҒАЛАУДАҒЫ РЕЙД

13:01, 1 маусым 2020

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандарын алдағы ыстық күндері суға шомылу мәселесі алаңдатып отыр. Себебі, ресми шомылу маусымы жаз айының бірінші күнінен басталды. Алайда, қазірдің өзінде жағалауда ересектерді айтпағанда, ата-ана қарауынсыз жүрген балалар көп. Олардың бірсыпырасы бүгін арнайы рейд кезінде біздің әріптестердің де назарына түсті

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі жасағының жұмысы демалыс күндері қыза түседі. Себебі, облыста 300-ге жуық ресми шомылуға тиым салынған  су қоймалары бар. Ыстықта көлге ағылған жұрт қауіпсіздікті ысырып тастап, сол тиым салынған жағалауларға келеді. Мамандар түсіндірме жұмысын жүргізіп, ескертпе қағазын таратқанымен, келушілердің

Негізі облыс бойынша шомылуға арналған 83 жағажай бар. Ол жерде қайғылы жағдайдың тіркелу қаупі де едәуір төмен. Мамандар кісі өлімінің 80 проценті осындай қараусыз жерлерде болады дейді. Сондықтан, рейдке полицейлер де тартылып, ескертуді елемегендерге хаттама толтырылады.

Азамат БОЛАТОВ, Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің учаскелік инспекторы:

-Біріншіде ескерту жасаймыз. Ал, ескертуді елемей, екінші рет тиым салынған жағалауға келетін болса, айыппұл төлетеміз.

Еске салсақ, өткен жылы Қарағанды облысында 18 адам суға кетіп қайтыс болған. Оның 4-і кәмелет жасына толмаған. Биыл мұндай жағымыз статистика тағы да қайталанбас үшін, мамандар 150 рейд және 900-ден астам патрульдеу шараларын жүргізген. Дейтұрғанмен, «тұрғындар бірінші кезекте өзінің және жақындарының амандығын ойлап, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаса»,- дейді құтқарушылар.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар