ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

17:21, 7 ақпан 2019

Бүгін «Достық үйінде» белсенді ұзақ өмір сүруге бағытталған республикадағы алғашқы орталық ашылды. Көпті көріп, ұзақ жасаудың сыры – белсенді өмір сүруде. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жобасы аясында ассамблеямен бірлесіп қолға алынған шара осы мақсатты көздейді. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» фракциясының мүшелері, облыстық қоғамдық келісім кеңесі, этномәдени орталық өкілдері қатысты

Жаңа орталықта мәдени-рухани клубтар, қазақ, ағылшын тілдерін оқыту сабақтары, кітапхана, компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Зейнеткерлердің денсаулығын нығайту мақсатында фитнес залы да бар. Мұнда қазыналы қариялар кез келген уақытта бас қосып, уақыттарын тиімді өткізе алады.

Сәлима НҰРМАҒАМБЕТОВА, ҚХА жанындағы аналар кеңесінің мүшесі:

-Әрине облыс орталығында жастарға орталықтар көп. Үлкендерге салауатты өмір салтын ұстануға көмек көрсетіп жатқаны өте жақсы бастама.

Парламент Мәжілісінің  депутаттары  Қарағандыда алғаш рет жүзеге асып отырған орталық жұмысын аудандарда да қолға алу керектігін айтты.

Альберт РАУ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

-Сіздерге барлық мүмкіндіктер беріліп отырғанына көз жеткіздік. Еліміздегі ең басты міндеттердің бірі – әлеуметтік бағдарланған қоғам құру. Осы мақсатта нақты жұмыстар жүзеге асып, жаңа жетістіктерге қол жеткіздік. Біз сіздерді әрқашан ардақтап, тәуелсіздікке дейінгі атқарған жұмыстарыңызды құрметтейміз.

Ал, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова орталық жұмысы қазіргі қоғамда «белсенді қарттықтың моделін» қалыптастыратынын атап өтіп, ардагерлерді қолдауға бағытталаған жұмыстарға тоқталды.

Қадиша ОСПАНОВА, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында көп жылдар бойы белсенді жұмыстар атқарылуда.  Бүгінгі күні Елбасының  тапсырмасына сәйкес бұл жобаның жұмысы күн сайын  жанданып келеді. Осындай орталықтар ашылуда.

Әзірге орталыққа 45 зейнеткер тіркеліпті. Олар күнделікті таңертең 10-нан кешкі сағат 7-ге дейін уақытын қызықты өткізеді. Денсаулыққа пайдалы емдік жаттығулар жасап, дәрігер, заңгер, психологтың көмегіне жүгіне алады. Ән салып, қолөнермен шұғылдануға да барлық мүмкіндік бар. Орталық қызметі тегін.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
18:40, 13 ақпан 2019
ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС КӨП, МӘСЕЛЕ ДЕ АЗ ЕМЕС
Толығырақ...