ЗАРДАП ШЕККЕН ҚЫЗ КӨЗ ЖҰМДЫ

17:30, 6 қараша 2019

Таяуда, Лексус 570 көлігін мас күйінде тізгіндеген азаматтың кесірінен, жол көлік оқиғасынан зардап шеккен 29 жастағы қыз бүгін көз жұмды. Ол екі апта бойы жан сақтау бөлімінде жатқан болатын

Ұн шығаратын компанияның басшысы ,  49 жастағы Серікбол Сәрсенов сол күні Степной 4 ықшам ауданындағы үй жанында тұрған  бес көлікті қаққан еді. Салдарынан көліктегі екі адам зардап шекті. 25 жастағы жігіт амблуаториялық ем алып, үйіне жіберілсе, 29 жастағы азаматша ауыр күйде жансақтау бөлімінде қалған еді. Бүгін таңғы төрттің шамасында науқас тіл тартпастан жан тапсырды.

Талғат ЖҮКЕН, Х.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия орталығы директорының орынбасары:

- Оған жасанды желдету аппаратымен ем-дом көрсетілді. Науқастың омыртқасындағы ісік үлкейіп, бас  ми жарақаты  асқынып кетті.Бұл әзірге біздің қорытындымыз.Сот медициналық  сараптама  нақты себебін анықтайды.  

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкердің екі ұлы полицейлерге қарсылық білдіргені үшін,біреуі үш, ал екіншісі бес тәулікке қамалып, әкімшілік жазаға тартылған болатын. Ал, күдікті кәсіпкер болса, тергеу амалдары кезінде кепілдікке үйге жіберілуін соттан сұрап өтініш білдірген болатын.. Алайда, сот оған рұқсат бермеді. Қазір ол екі айға қамауға алынған.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар