ЗАҢСЫЗ ЕТ ТАСЫМАЛДАҒАН

13:24, 22 тамыз 2019

«Арай» базарына заңсыз ірі қара етін тасымалдаған 3 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Құқық бұзушылық «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасы аясында жүргізілген рейдте анықталды. Бақылау полиция мамандарымен бірге жүргізілген

Мысалға Шет ауданы, Нұра ауданынан әкелінген бас-аяғы  9 бірдей ірі қараның ветеринариялық құжаттары болмаған.  Осылайша сараптаманы мамандар сол орында жүргізіп, етте қандайда бір инфекциялық дерттің жоқ екенін дәлелдеген. Мұнан соң мал еті қожайындарына қайтарылды. Алайда оларға әкімшілік заңының 406-шы бабына сәйкес 20 АЕК-тен айыппұл салынды. Ол шамамен 50 мың теңгеден асып жығылады. Әкімшілік құқық бұзғандар айыппұлды бірден төлеуге өтініш бергендіктен аталған қаржының жартысын төлеп құтылды. Сәйкесінше, мамандар тарапынан ет тасымалдаушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Әкім САҚТАПБЕРГЕН, СЖҚІҚ департаментінің бас маманы:

-Мал ұрланған болуы мүмкін. Тасымалдау кезінде рұқсат қағазы болуы керек. Сол қағаз болмаған. Онда тасыған көліктің номері мен маркасы болуы тиіс. Соған сай олқылықтар анықталды. Бірақ ет таза, сараптама оң нәтиже көрсеткен.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар