ЗАҢ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

16:27, 14 қаңтар 2020

Парламент депутаттарының өңірлерді аралап, халық арасында заңдық өзгерістермен таныстыру мақсатындағы іс-сапарлары жалғасын табуда. Бүгін, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бекболат Тілеухан мен Арман Қожахметов Абай ауданының ұстаздарымен кездесті

Бұл Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі  П.Корниенко атындағы қосымша білім беру мектеп-орталығы. Мұнда, оқушыларға техникалық 3Д модельдеу, өсімдіктерді зерттеу мен баламалы энергия көздерін өндіру секілді тоғыз бағыт бойынша білім берілуде. Ұстаздар қауымымен тілдесуге арнайы келген Мәжіліс депутаттары Бекболат Тілеухан мен Арман   Қожахметовтер, алдымен шәкірттердің күнделікті айналысатын жұмыстарын тамашалады. Мысалға, Айлу Сайлаубек қолөнер шебері. Келешекте арнайы цех ашып, қазақы нақыштағы киім үлгілерін тігіп, өмірін осы салаға арнағысы келеді. Оның жасаған дүниелері депутаттардың да таңданысын тудырды.

Айлу САЙЛАУБЕК, үйірмеге қатысушы:

-  4 жылдан бері хореография бойынша тәлім алудамын. Орталық былтыр ашылғалы бері, осында тігіншіліктің қыр-сырын меңгерудемін. Арманым, тігінші болып, өз қиялымдағы киімдері жасау.
Өткен жылы мәжілісмендер 120 заң жобасын, қарастырып, мақұлдаған. Оның ішінде, мұғалімдер мәртебесі, жасөспірімдердің бостандығы мен құқықтары, зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша заңдық актілері бар. Кездесу барысында, Абай ауданына қарасты білім ошақтарының жетекшілері мен ұстаздары сөз алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Басым бағыт, әлбетте педагогтер мәртебесі туралы заңның қабылдануында болды.

  Нұржан САЛАУАТОВ,  қосымша білім беру орталығының басшысы:

-Мұғалімдер мәртебесі туралы заңның қабылданғанына өте қуаныштымыз. Педагогтердің міндеттерін нақтылап берді. Қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті. Бұл ұстаздар қауымының жұмысқа, мамандыққа деген қызығушылығымен жауапкершілігін арттыра түсті. Ертеңгі күнге деген сенім пайда болды.

Кездесу барысында қойылған сұрақтар жауапсыз қалмады. Жалақының кезең-кезеңмен өсетіні, мұғалімдерді артық жұмысқа мәжбүрлеп жұмылдырудың тыйым салынғаны отырыстың қызу талқысына түсті. Ал, Топар кентіндегі балалар шығармашылығын дамыту орталығының жұмысына депутаттар тарапы оң бағасын берді.

Бекболат ТІЛЕУХАН, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Облыс орталықтары мен үлкен қалалардағы білім мен салыстырсақ, еш қымсынбай, қысылмай мен осы Топар кентіндегі орталықты да жоғары білім ошағы дер едім. Бүгін көргеніміздей, оқушылар өте білімді. Инженерияны дамытпай ел болмаймыз. Ал, осы бағыттағы шәкірттерімізді көріп, болашаққа сеніммен қарауға болады.
Мәжілісмендер кездесуде көтерілген түйіткілді мәселелердіің барлығы да жауапсыз қалмасына сенім білдірді. Сондай-ақ, кез-келген уақытта күрмеуі көп мәселелерді шешуге дайызбыз дей келе, Парламентке электронды түрде ұсыныс-шағымдарын ашық білдіруге шақырды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар