ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕУ

16:44, 17 қыркүйек 2020

Бір жыл бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жусан» операциясын ұйымдастырып, Сирияға кеткен отандастарымызды елге қайтарған еді. Енді олармен дінтанушылар мен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Тимбилдингті «Адал» қоғамдық жастар бірлестігі -Қарағанды облыстық прокуратурасының тапсырысымен ұйымдастырып отыр. Қазір «Березняки» санаториінде тағдыр тауқыметін тартқан 15 әйел адам мен 53 бала бас қосты. Олар негізінен Сириядан қайтарылғандар. Ерлері болса жат ағымның жетегімен жат жерде оққа ұшқан.

Ажар СЫЗДЫҚОВА, исламтанушы, психолог:

-Бұл жерде біз діни рәсімдерді орындайтын әйелдер жамағаты мен олардың балаларына арналған түрлі іс шараларды ұйымдастырып жатырмыз. Оның ішінде психологиялық тренингтер, ойындар, сауат ашу курстары. Бұл іс шаралардың мақсаты: осы адамдарды Қазақстанның зайырлы құндылықтарына бейімдеу.

Осы күнде облысымызда «Жусан» операциясымен оралған 22 әйел адам, 53 бала бар. Сондай-ақ, аймағымызда 315 діни бірлестік тіркелген. Бұл Қарағанды облыстық дін істері басқармасының берген ресми ақпараты. «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Темірханов «көбі дінге бет бұру үшін ақыл, кеңесті достарынан, туыстарынан сұрайды» дейді.

Асылхан ТЕМІРХАНОВ, Әнет баба мешітінің наиб имамы:

-Қазақ атамызда бір керемет сөз бар. Тауық сойса да шымшық сойса да қасапшы сойсын деген. Яғни әр істің өз маманы бар. Жалпы, дінді ұстануға ниет қылған адамдардың барлығы мешітке келсе екен дейміз.

Ерік НАРЫН, тілші:

-Қазақ «Дін – ұстай білсең қасиетің, ұстай алмасаң - қасіретің» дейді. Бүгінде зұлым күштер дінді өз саясатының қол шоқпарына айналдырғаны жасырын емес. Қазақ өз жырында «Баяғы өткен заманда, Дін, мұсылман аманда» дейді. Дін мен ұлт аман болсын.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар