ЫСТЫҚ КҮННЕН САҚТАНЫҢЫЗ!

16:13, 10 шілде 2019

Екі күннен бері Қарағанды облысындағы ыстық ауа райы жұртшылықтың мазасын қашырды. Мамандар ауа-райының температурасы алдағы уақыттарда да көтерілетінін айтады. Ал, денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды сақтануға шақырып отыр. Күннің ыстығы қанша күнге созылады?

Облыс бойынша кешеден бері төтенше жағдайлар департаменті күннің күрт ысуына байланысты ескерту жариялап жатыр. Соңғы екі күннің ішінде ауа-рауының температурасы 38-ден 41-ге дейін жеткен. Синоптиктер бұл құбылысты антициклонмен байланыстырады.

Анастасия ЛУКУТИНА, синоптик:
-Қолда бар мәліметтер тек шілденің он екісіне дейін ғана берілген. Сол ақпаратқа байланысты күннің ыстығы әзір басылмайды. Ертен кей жерлерде бұлт шығып, жаңбыр жаууы мүмкін. Бірақ, ауа –райының температурасы 35 градустан 41 градусқа дейін барады деп күтуде. Ал, он бірі мен он екісі күні  ашық және күннің ысыуы жоғарылайды.

Ыстықтан көшедегі адам қарасы да азайып, жұрт өзен - судың жағалауында көбейген. Және дала өрттері де кең етек алатын кез дәл осы уақыт. Сондықтан, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері халықты сақтық шарасын қолдануға шақырды.

Жанна ДӘУРЕНБЕКОВА, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауқажет. Қала ішінде болсын, сыртында да болсын алауларды жағуға болмайды. Сонымен,  темекі  немесе сіріңкені тастауға болмайды. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Тексерілген, жабдықталған жағажайларға ғана шолымуға рұқсат етіледі. Түңгі уақытта суға түсуге болмайды.

Күннің ысуы кейбір адамдарға кері әсерін тигізеді. Жүрек дертімен ауыратын науқастарға, қан қысымы жоғары жандарға алдағы екі-үш тәулікте далаға шығу қауіпті. Дәрігерлер аталмыш жағдайға байланысты мынадай кеңес берді.

Алма ҚАНАФИНА, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас дәрігері:

-Қатты ыстық болса, терезені жауып қою керек. Үйдегі ауаны ылғалдандыру керек. Ішетін сударыңыздың көлемін ұлғайту керек. Жүрек, қан тамырларымен ауыратын науқастарға өте абай болу керек. Ыстық сағат 11-ден 16-ге дейін күннің көзіне шықпау керек.

Тұрғындардың бас айналуы, жүрек айнуы, қан қысымының  жоғарылау жағдайлары күннің қатты ысып кетуіне байлансыты өршіп тұр. Бүгінде  облыс бойынша осындай 30 жағдай тіркелген. Сондықтан,сіздерді сақтақ ережелерін қолданып, ыстықта абай болуға шақырамыз!

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар