ЯДРОЛЫҚ РЕАКТОР ЖАБЫЛДЫ

17:08, 28 шілде 2020

Ақтауда орналасқан БН-350 энергоблогы қолданыстан шығарылған.Енді оны монтаждау жұмыстары қолға алынбақ. Бұған Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы көмек көрсетпек

БН-350 - бұл әлемдегі алғашқы өнеркәсіптік жылдам нейтронды энергетикалық реактор болып есептеледі. Ол, 1973 жылы пайдалануға берілгенді. 1998 жылға дейін қолданыста болған. Қазір реактор жабылып, заман сұранысына орай пайдаланудан шығарылған. Енді оны монтаждау жұмыстары басталмақ. Бұл үш кезең бойынша жүзеге асады - деп, жоспарланып отыр.  Алдымен реактор қондырғысы 10 жылдай  қауіпсіз сақтауға  жіберілмек. Содан кейін құрылғы   50 жыл  бойы  сақтауда болады.Одан соң ,   жабдықтарды бөлшектеп, ғимаратты бұзу жұмыстары қолға алынбақ. Радиоактивті қалдықтар  залалсызандырылады.  Осы ауқымды жұмыстардың барлығына Қазақстан мемлекетіне    Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы  қолдау көрсетпек.  

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар