ВОКЗАЛДЫҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

17:21, 13 наурыз 2019

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов теміржол вокзалының жөндеу жұмыстарымен жақынырақ танысты.Жоба бойынша оның аумағы 1,5 мың текше метрге дейін кенейтілмек. Перрондарда жолаушылар үшін арнайы экскалатор жұмыс жасайды.Вокзалға соңғы рет жөндеу жұмыстары тек, 2008 жылы ғана жүргізілген

Қарағандыдағы теміржол вокзалының нысаны 1956 жылы салынған. Кешен негізінен екі үлкен ғимараттан тұрады.Оған алғашқы күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын жүргізілген. Мұнда өткен жылдың тамыз айынынан  құрылыс  жұмыстары  қайра басталды.

Қазір,вокзал аумағының жартысына жуығы жабылған.Күту залының бір бөлігіне құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Қайта жөндеуден өткен соң, оның аумағы едәуір ұлғайтылмақ.Бүгінгі күні  жұмыстар 1жарым ай уақытқа  кестеден кешеуілдеген.

Бауыржан ОРЫНБАСАРОВ, ҚТЖ  ҰК желілік жүйелерінің басқарушы директоры:

-Бұл жерде экскалатор болады.Аумағы үлкейеді. Жұмысқа адамдар тартамыз. Бұл Қазақстан бойынша жалғыз өзгертілген жаңа нұсқа  болмақ.

Перрондарда экскалаторлар  пайда болады. Ол, келген жолаушыларды тікелей теміржол желісі арқылы өткізеді. Қазір, нысан шатырларының түстеріне сәйкес  абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.Облыс әкімі оның сәулет жұмыстарын барынша сақтауға тапсырма берді. Ендігі жерде, 60 жылдардағы салынған нысан адам танымастай өзгеретін болады - дейді,құрылысқа  жауаптылар.  

Белгіленген кестеге сай, мамыр айында құрылыс жұмыстарының біраз бөлігі аяқталмақ. Ал,қыркүйекте сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіледі -деп, жоспарланып отыр..Жоба бойынша нысан жыл соңына  дейін толық жөнделіп, пайдалануға берілуі тиіс.  

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар