ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САЛА

13:02, 8 қазан 2019

Ветеринария саласындағы кемшіліктер түбегейлі жойылуы тиіс. Бұл ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұловтың кезекті жиындағы пікірі. Агросаланың ветеринариялық басқарма, станция жетекшілері бас қосқан отырыста қандай сұрақтар көтерілді?

Бүгінде, ауыл шаруашылығы саласы ілгерілеп келеді. Десе де, түрлі заңдық нормативтер жұмыстың қарқын алуына өзіндік кедергісін тигізуде. Осы бағыттағы кемшіліктерді жою мақсатында ветеринариялық басқарма, станция жетекшілері өз ұсыныстарын ортаға салды. Мысалға, мамандар біртипті ветеринариялық пунктердің құрылысын салуға нормативтік талап пен  іс-шараларды жүргізуде прейскурант бағаларын бекіту жұмыстарын шешуді сұрады. Сондай-ақ, қызметтік автокөліктердің де жетіспеушілігіне тоқталған  сала жетекшілері өңірдегі ветеринариялық ахуал тұрақты деп отыр.

Қайырбек ТҰРСЫНБЕКОВ, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

-Бекітілген жоспар негізінде, аудан, қалаларда ветеринариялық препаратмен толық қамтылған. 12 түрлі аурудың алдын алуға 3 миллион дана профилактикалық монипуляцияжүргізілді. 30 түрлі ауруға диагностика жүргізу бағытында зертханаға 1,9 миллион биологиялық сынама, қан сынамалары, потологиялық сынамалар жеткізіліп, зерттелді.

Өңірімізде қазіргі таңда 840 маман осы салада жұмыс жасап жатса, биыл 22 түлек қызметке алыныпты. Ендігі кезек тек солардың жемісті еңбегі үшін бірқатар кодекстер мен заңдық актілердің ұтымды жүзеге асуы шарт. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов ҚР Парламенті Сенатының қарауында жатқан бірқатар кодекске өзгертулер мен толықтырулар енген соң  саладағы өзекті сұрақтардың шешім табуына мүмкіндік туарына сенімді.

Арман  ӨТЕҒҰЛОВ, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы:

-Бұл күнде Сенаттың қарауында бұл жерде 13 кодекс, 29 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Сонымен бірге, 500-ден астам түзетулер қарастырылып жатыр.

Қауіпті аурулардың жолын кесу үшін екпе шаралары мен жедел профилактикалық бағыттағы бастамалар да қалыпты жүзеге асуда. Тіпті, сыртқы тасымал мен импорттық өнімдер жіті бақылауға алынған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар