ҮЗДІК ТӘЛІМГЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

19:44, 13 сәуір 2018

Дәл осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысында «Үздік тәлімгер -2018» байқауы ұйымдастырылды

Аймақта биыл бірінші рет бастау алған сайыстың ақтық сынында сайдың тасындай іріктелінген 8 үміткер бақ сынасты.Бәсі жоғары бәсекеде таңдаулыда, талапты тәлімгер жаңа қырынан танылды.Байқауды облыстық білім беру басқармасы мен білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Гүлнұр Меркенова  байқауда әріптестерінен  барынша ерекшеленуге тырысты.Сәтбаев қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының тәлімгері қазылар алқасының назарына үш түрлі образды ұсынды.Ол  қазақтың қайсар қыздары Әли Молдағұлова мен Ляззәт Асанова және жиырма бірінші ғасыр жастарының келбетін, қанатты сөздерімен қабыстырып көрсетті.Нәбәрі жұмыс жасағанына бес жылдың жүзі болған, жас маман  біршама белестерді бағындырып үлгергенін айтады.

Гүлнұр МЕРКЕНОВА байқауға қатысушы /Сәтбаев/

Осындай байқауға қатысу арқылы адамның өзіне деген сенімділік, оқушыларды Отанын қорғауға,патриоттық сезімін оятуға жан-жақтылығын дамытуға  деген  сезім пайда болады.Енді болашақты ұстайтын тәлімгер болуға мен өзі сенемін. Жиырма бірінші ғасыр тәлімгері ретінде өзімді биіктерден көремін деген ойдамын.

Сайыста Қарағанды Сәтбаев және Абай Қарқаралы  Шет  пен Ұлытау  Ақтоғай аудандарынан келген сегіз тәлімгер талабы мен талантын ортаға салды.Негізі мақсат елжанды ұрпақты  тәрбиелейтін мәртебелі мамандық иелерінің шығармашылығын шыңдап, ізденіс деңгейін арттыру.

Құндыз МҰХАМЕДЖАН облыстық оқу –әдістемелік орталығының әдіскері

Іріктеу кезеңіне  48 аға тәлімгер қатысқан болатын 18 аймақтан. Елбасының Рухани жаңғыру бағдараламасында мұғалімдердің мәртебесін арттыруға бас мән берілген.Сол мақсатта байқау ұйымдастырып отырмыз.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алдымен   қатысушылар қабілет қарымына қарай өздерін таныстырудан жарысты.Ал «Педагогикалық жағдаятты шешу» кезеңінде үміткерлер қойылған  күрделі сұрақтарға тосылмай  жауап беріп, қиындықтың қисынын қиыстырды.Ақырғы айналымда тәлімгерлік істегі жеткен жетістіктері мен  баламен тіл табысудың жолдарын байқатты.

Гүлмира КӨПБАЕВА облыстық оқу–әдістемелік орталығы директорының орынбасары

Тәлімгерлердің кәсіби шеберлігін жоғарылатады. Бүгінде Қарағанды облысындағы білім мекемелерінде аталған қызметкерлер жетіп артылады.Қазір айқын бағытқа сәйкес белсенді түрде жүйелі жұмыс жасап жатырмыз.

Тәлімгердің тәжірибесі мен білімі таразы салынған байқауда  Қарқаралылық Назым Ахтановаға тең келер қарсылас табылмады.Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз бірінші орынды иеленді.Екінші орынды   Абай ауданының намысын абыроймен қорғаған  Елена Мухарямова ешкімге бермей еншіледі. Соңғы үштікке Гүлнүр Меркеновва қол жеткізді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...