ҮЗДІК ТӘЛІМГЕРЛЕР...

13:48, 16 сәуір 2019

Облыстық «Үздік тәлімгер -2019» байқауының жеңімпаздары анықталды.Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында осымен екінші мәрте жалғасын тапқан сайыстың ақтық сынында 6 үміткер бақ сынасты. Бәсекеде таңдаулыда, талапты тәлімгерлер талантымен танылды. Байқауды облыстық білім басқармасы мен оқу–әдістемелік орталығы ұтымды ұйымдастырды

Наталья Манжетова байқауда қарсыластарын  қапыда қалдырып, топ жаруға тырысты. Ол Теміртау қаласындағы №6 жалпы орта білім орта білім беретін мектептің аға тәлімгері, бірнеше дүркін сайыстардың  жеңімпазы.Наталья осындай бәсі биік бәсекелердің тәжірибені толықтырып, жаңашылдыққа жетелейтінін айтады.

Наталья МАНЖЕТОВА, байқауға қатысушы Теміртау:

-2016 жылдан бастап тәлімгерлікпен айналысамын.Жұмысымды  жан жүрегіммен жақсы көремін.Байқаудың ұйымдастырылу деңгейі жоғары. Құрышты қаланың атын асқақтатып, жеңіске жету үшін аянып қалмаймын.

Сайыста  Жезқазған, Шахтинск және Теміртау қалаларымен  Абай   Шет  пен Нұра  аудандарынан келген алты  тәлімгер талабы мен талантын ортаға салды. Негізі мақсат - елжанды ұрпақты  тәрбиелейтін мәртебелі мамандық иелерінің шығармашылығын шыңдап, ізденіс деңгейін арттыру. Тәлімгердің байқауына  білім саласының біліктіде, білгір майталман  мамандары қазылық етті.

Серік САНАУБАЕВ, «Рухани жаңғыру» жобаларын жүзеге асыру бойынша кеңсесінің бас менеджері:

-Сондықтан маңыздылығы өте зор.Бір-бірімен тәжірибе алмасады.Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы осындай іс-шаралардың облыс үшін пайдалы деп есептеймін.

Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде бастау алған байқау үш кезең бойынша өткізілді. Алдымен   қатысушылар қабілет қарымына қарай өздерін таныстырудан жарысты. Ал «Педагогикалық жағдаятты шешу» кезеңінде үміткерлер қойылған  күрделі сұрақтарға  қисынын тауып, қиядан шалып жауып берді. Ақырғы айналымда тәлімгерлік қызметтегі  жеткен жетістіктері мен  баламен тіл табысудың жолдарын байқатты.

Гүлмира КӨПБАЕВА, облыстық оқу–әдістемелік орталығы директорының орынбасары:

-Қарағанды облысында 2017 жылдан бері «Парасат» атты  тәлімгерлер қауымдастығы құрылды. Ұйым аталған сала мамандарының  біліктілігін арттырады.Бүгінде аймағымызда 512 тәлімгер бар.Іріктеу сынында  23 үміткер өнер көрсетті.

Тәлімгердің тәжірибесі мен білімі таразыға салынған байқауда  нұралық Адьят Байкалға тең келер қарсылас табылмай,бірінші орынды қанжығасына байлады. Ал екінші  орынға   Шет ауданының  намысын абыроймен қорғаған Ләззат Тұрсынова  лайықты деп танылды.Ақырғы үштікке  жезқазғандық  Жайнат Смағұлова  табан тіреді. Белсенділік танытып, үздік атануға  тырысқан басқада қатысушыларға  естелік ретінде  дипломдар мен кубоктар табысталды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар