ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖАРАДЫ

17:52, 14 қыркүйек 2018

Қарағандылыққ спортшылар халықаралық додаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жақында ғана «Көшпенділер ойыны» мен ардагерлер арасында шағын футболдан өткен Еуропа лигасы ойындарында жеңіспен оралды. Жарыстың қалай өткендігі туралы спортшылар арнайы конференцияда айтты

Қыркүйектің басында Қырғызстанда үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілді. Оған 80 елден 2000-нан астам спортшы қатысты. Олар спорттың 37 түрінен жарысқа түсті. Қазақстан құрамасы медальдік кесте бойынша екінші орынды иеленді. Ұлттық құрамадағы жерлесіміз Аңсаған Қожанәсіп тоғызқұмалақтан  екінші орынды иеленді. Ал, қарағандылық Айбек Қабдығаниев қола жүлдені жеңіп алды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - Қырғызстан үкіметі бастамасымен 2012 жылы көшпелі өркениеттің мәдениетін жандандыру және сақтау мақсатында басталған Қырғыз Республикасының ең ірі халықаралық жобасы.

Айбек ҚАБДЫҒАНИЕВ, дүниежүзілік «Көшпенділер» ойындардың қола медаль иегері:

-Қырғызстанның Шолпан-Ата жерінде жарыс өтті. Жарыс жоғары деңгейде болды. Өзім барғаным «Орда» ойыны жанағы асық ату. Біздің ойынға ұқсас болып келеді. Қызықты ойын, ойнауға болады. Жас кезімнен асыққа құмар болдым.  Осының арқасында жақсы көрсеткіш көрсеттім. Мақсатым Түркияда өтетін жарыста жүлделі болу. Әлі де дайындаламыз, ұтамыз деп ойлаймын.

Айта кету керек, тағы бір топ қарағандылық әуесқой спортшылар жүлдемен оралды. Словенияда ардагерлер арасында өткен чемпиондар лигасының мини-футболдан Еуропа чемпионаты өтті.

Біздің аймақтың атынан  «АрселорМиттал Теміртау» командасы қатысты.  Ойыншылар айтулы додаға бірінше рет қатысып отыр.

1/8 финалдық ойында футболшылар үш ойынын Румыния, Венгрия және Словения командаларымен өткізді. Төрттік финалда ресейлік «Москвич» командасынан жеңіліп қалды. Үздік ойын көрсеткені бойынша «АрселорМиттал Теміртау» шабуылшысы Сергей Бодаш кубок иеленді. Ол жарыста 10 гол соққан. Бүгінде Сергей Ленин атындағы шахтада жөндеу және желдету учаскесінде жұмыс істейді.

Сергей БОДАШ, «АрселорМиттал Теміртау» құрама командасының шабуылшысы:

-Жұмыстан кейін футболмен айналысу мен үшін күнделікті әдетке айналды. Осы жетістіктердің барлығы жиі жаттығудың нәтижесінде болып отыр. Мен өзім бұл голдарды сала алмас едім, егерде қасымда менің команда болмағанда. Біз бәріміз бір-бірімізді тыңдай отырып, ойнадық. Олар маған пас беріп отырды, мен оларды қақпаға салдым.

«АрселорМиттал Теміртау» командасының футболшылары ел ішінде болатын чемпионаттарда да үздік нәтиже көрсетіп жүр. Бірнеше жыл бойы олар әуесқой футболшылар Лигасында жоғары дәрежеде ойнады.

Анар ҚАНАТҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...