«ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ»

16:14, 30 шілде 2020

Қарағандыда «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының аймақтық кезеңі тәмамдалды. Доданың облыстық байқауында Бұқар Жырау ауданына қарасты Орталық ауылдық округінің әкімі Самат Мейірманов үздік атанды

Орталық ауылы. Осынау шағын ғана елді мекенде бұл күндері ауыл – шаруашылық саласы қарқынды жүргізілуде. Мұнда ғылымға ден қойылып, жаңашылдыққа жол ашық. Жергілікті жердегі Ауыл шаруашылығын ғылыми зерттеу институтының ғалымдары тұқымның жаңа түрін шығарса, фермерлер оны асыға сынақтан өткізеді. Келешегі кемел аймақта жанға жайлы өмір үшін, барлық жағдай жасалынуы тиіс – дейді округ басшысы.

Самат МЕЙІРМАНОВ, Орталық ауылдық округінің әкімі:

- Бұл өте қызықты және күрделі жұмыс. Бұнда өзінің қалыптасқан қағидалары бар: мектеп, амбулатория секілді әлеуметтік нысандарымыз жұмыс істейді. Жол бар жерде – өмір бар дейді ғой халқымыз.. Бірінші кезекте, тұрғындарға жан – жақты жағдай жасалынып, ауыз – су және жол мәселелері шешімін табуда..

Жолдары тақтайдай, көшелері тап – таза. Жанға жайлы саябағы да тұрғындардың көз қуанышы. Орталық ауылдық округінің барлық көшелеріне асфальт төселген, жарықтандыру мәселесі де оң шешімін тауыпты. Енді,  өңірдегі жалғыз бассейнді қалпына келтіру жоспарда.

Самат МЕЙРМАНОВ,  Орталық ауылдық округінің әкімі:

- Біз әрқашан өтініш жіберіп отырамыз. Мәселен, осы жуырда спорт кешенін жөндеу сұрағын көтердік. Кейде сұраныстарымыздың барлығы бірдей  жүзеге аса бермейді. Енді осы «үздік әкім» жобасы аясында мәселе назарсыз қалмайды деп ойлаймын.

Ауыл әкімдері ішінен «үздік» деп танылған Самат Мейірмановты алда әлі жауапты кезең күтіп тұр. Яғни, байқаудың республикалық деңгейіне қатысатын атқарушы орган әзірлікті бүгіннен бастаған. Алайда, әкім әуелі міндетіме басымдық беремін!– деп отыр.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар