ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

16:39, 20 мамыр 2020

Қарағандыда карантин уақытында екі үшем өмірге келді. Қалалық перинаталдық орталықта дүние есігін ашқан сәбилердің қазір денсаулықтары жақсы

Сәбилерге өмір сыйлаған аналардың бірінде екі ұл мен бір қызы бар. Ал, екінші әйел адам бірден үш торсықтай ұлды дүниеге әкелген.  Жанұясы өсіп, бақытқа бөленген аналар қазір бөбектермен үйлеріне жіберілді.  Атап өткен жөн, соңғы жылдары көпұрпақты жүктілік үрдісі біршама артқан. Тек соңғы 4 айдың өзінде 15 егіз бен қос үшем өмірге келіпті.

Людмила ПАНИБРАТЕЦ, Қарағанды қалалық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі:

- Балалар «кесар» тәсілімен дүниеге келді. Дене салмақтары өте төмен. Жаңа туған нәрестелердің барлығы дәрігерлердің қатаң бақылауында болды. Балалардың жағдайы тұрақтанғаннан кейін, босанған әйелдер аман-есен үйлеріне шықты.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар