Үш миллиард ақша қайда және қалай жұмсалмақ?

15:24, 14 шілде 2017

Қарағандыда қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуда алдағы үш жылға арналған бюджет мәселесі талқыланды

Бұл қоғамдық кеңестің алтыншы отырысы. Үш миллиард ақшаны дұрыс қолдану  керектігі жан-жақты  талқыланып жатыр. Жөндеуді қажет ететін нысандар көп. Бірінші кезекте білім нысандары, тұрғын үй кешендері тұр. Жалпы Қарағанды шаһарын  көріктендіруге де назар аударылды.

Айнұр АПАҚАШЕВА  экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі

-  Түсетін қаржы көзін саралай келе, мемлекеттік кіріс басқармасының келісімімен  бюжет құны 1 миллиард 630 миллион теңгеге дейін өсіру керек.

Дәл қазір Кирзавод 3-4 ауданындағы  37-ші мектепке шұғыл түрде күрделі жөндеу қажет. Мектеп апатты жағдайда. Ал оқу жылына дейін аз ғана уақыт қалды.

Николай АБТ  Қарағанды қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі

-  Ертең мектеп қабырғалары құлап, біреу зардап шексе не болады?. Кім бұған жауап береді? Сондықтан жұмысты тезірек бастау қажет.

Ғимараттардағы мекен-жай нұсқама белгілерін ауыстыру мәселесі де көтерілді. Бұл мақсатқа 70 миллион теңге көзделген.   Олардың 30 пайызы  күн сәулесі арқылы қуатталады. Алайда заманауи гаджет бәрінің көңілінен шыға қоймады.  Билік өкілдері оның қымбаттылығына қарамастан орнату керек деп шешті.   

Вадим ГОРМАКОВ Қазыбек би ауданы әкімінің міндетін атқарушы

- Бізде екі нұсқа бар. Орталық көшелерге күн сәулесі арқылы жарықтандырылатын нұсқама белгілері орнатылады. Ал екінші дәрежелі көшелерге жарықтандырыған бірақ қарапайым белгілер қойылады.

Сәтін салса, жарықтандырылған нұсқама белгілер биыл орнатылады. Электр қуатының құны 13 пайызға дейін өсті.  Есесіне, көшелерді жарықтандыруға 55 миллион теңгеге дейін артық ақша кетеді. Жауын суы  жүйелері де ескерусіз қалмайды. Жұмыс ең алдымен  орталық көшелерден басталады. Ал аталған жүйелердің  20 шақырымына қазынадан 19 миллион қаржы жұмсалмақ.

Шолпан ЖҮСІПОВА  Қалалық КШЖК автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі

- Қазір  мүлікті түгендеу яғни, инвентаризация жұмыстарын бастаймыз. Аталған жұмыс  жауын суы жүйелеріне техпаспорт дайындау қажеттігінен туындады.

Қоғамдық кеңестің  шешімін билік басындағылар қолдады.  Екі жақ ортақ мәмлеге келді. 

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте  робототехника сыныбы ашылды
17:45, 20 қыркүйек 2017
Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте робототех...
Толығырақ...