Ұлытау ауданының шаруа қожалықтары мемлекет қолдауын тиімді пайдалануда

18:30, 10 қазан 2017

Нәтижесінде қыр еңбеккерлері нарық алаңына сапалы мал шаруашылық өнімдерін молынан дайындауда. Облыстың ауыл шаруашылық саласының өркендеуіне үлес қосып жүрген ауылдың бірі Сарысу елді мекені

Сарысу ауылы Ұлытау ауданындағы ең іргелі елді мекендердің бірі.Кешегі экономикалық тоқырау жылдары жан-жаққа көшіп кеткендер қарасы аз.  -Керісінше   сарысулықтардың  көбі қазір ата кәсіпке бет бұрған. Ауылда  ірілі-ұсақты 65 шаруашылық тұрақты жұмыс істейді. Солардың ішіндегі ең ірісі «Сарысу» шаруа қожалығы. Ұжым төрағасы Мырзабек Ақшаловтың осы кәсіппен айналысып келе жатқанына ширек ғасырдың жүзі болды.Бұл өңірдегі шаруа қожалықтардың барлығы қысқы мал азығын осы Түйемойнақ етегіндегі алқаптан дайындайды.Бір айта кетерлігі облысымыздағы суармалы шабындық жерді тиімді пайдаланып келе жатқан ауылдардың бірі осы сарысулықтар.

Әшімхан Жәмпейісов, тілші

Биыл көктемгі жайылған өзен суы уақытысында дегдімегендіктен  алқаптың көк майсасына шалғы кеш түсті.Сондықтан да  күздің әрбір шуақты күнін мейлінше ұтымды пайдаланып қалуға тырысуда қыр еңбеккерлері.  Бір айта кетерлігі ауылдың 20-дан астам тұрғыны 20 жылдан бері осы щаруашылықта тұрақты еңбек көзін тапқан.

«Сарысу» шаруа қожалығы техника жаңарту мен мал басын көбейту шараларын күн тәртібінен түсірген емес. Биыл екі жүз ірі қараға арнап салынған мына мал қорасы соның нақты айғағы. Мал басы мен оның қоңдылығын арттыру мақсатында басқа ұтымды бастамалар жетерлік.Бұл дегеніңіз - еліміздің нарық алаңын сапалы мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудің басты кепілі.

Әшімхан ЖӘМПЕЙІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын тойлайды
20:35, 23 ақпан 2018
Биыл Қарағанды облысында 1000-нан астам тұрғын қоныс тойын т...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды
12:50, 20 ақпан 2018
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан сурет...
Толығырақ...