Ұлытау ауданында шағын кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі былтыр 1 млрд 125,8 млн. теңгені құраған

14:18, 13 ақпан 2018

Мал құс санының өсімі 100 пайызға артқан

Бұл Ұлытау ауданы әкімінің халыққа есеп беру жиналысында мәлім болды. Әнуар Омаров жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерге егжей-тегжейлі тоқтап, алдағы уақытта оның жоспарлы түрде жүзеге асыратынын жеткізді. Өткен жылы Ұлытау ауданының әлеуметтік экономикалық дамуында біршама оң жұмыстар атқарылды. Шағын кәсіпорындардың өндірген өнім көлемінің көрсеткіштері 2017 жылы 1 млрд 125,8 млн. теңгені құраған.  Яғни бұл саланың өсу қарқыны 100% деген сөз.   Ауданда 561 адам жұмыспен қамтылып, 87 адам кәсіби оқытуға жіберілген.  Білім саласында да оң өзгерістер бар. Мысалы, аудан әкімі Алғабас селолық  округінде  салынып жатқан  мектептің құрылысын  жіті назарда ұстап отыр.

Әнуар ОМАР Ұлытау ауданының әкімі

Мектептің құрылысы 98%  аяқталды. Қоршауы, абаттандыру жұмыстары қалды. Қазандықты тексердік, жарамсыз дегенін айырбастадық.

Ауданда 918 шаруа қожалығы бар. Оның 37 егін шаруашылығымен, 881-і мал шаруашылығымен айналысады. Өткен жылы  өңірде мал, құс санының өсімі 100 пайызға дейін артыпты. Мәселен, ірі қара мал саны 2017 жылдың желтоқсан айы бойынша  124,5 мың бас болған.  Бүгінгі күні «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  ауданда әр салада 21 маман жұмыс істеп жатыр.  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Дүзен кесенісі күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, аудан орталығында жергілікті халық көптен күткен Ерден батырға арналған ескерткіш ашылды.

Әнуар ОМАР Ұлытау ауданының әкімі

Осы биылығы  жылы Ұлытау ауданында атқарылған алғы қадамдардың бірі. Туризмді дамтытуға нақты серпіліс береді деп күтудеміз. Ұлытау тауларының аумағында «Сапаржай» үлкен орталығы ашылады. Оған Мәдениет министрлігі арқылы 728 млн теңге қаржы бөлінді.

Ал  биыл «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының шеңберінде 12 пәтерлі 2 қабатты екі тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланған.  Қазір аудан орталығында тарихи өлкетану музейінің ғимарат құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар аудан жұртшылығы ел болып,  Қарсақбай  мыс қорыту зауытының 90 жылдығын  кең көлемде атап өтпекші.

Райхан САЙРАНБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
16:33, 16 тамыз 2018
ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар