«ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ-АБАЙ»

17:08, 8 қазан 2019

Облыс орталығындағы «Нұр әсем» фирмасының «Нұри» мейрамханасында «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты әдеби-сазды шығармашылық кеш өтті. Ол Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған

«Нұр әсем» сән үйінің  «Нұри» мейрамханасы бұған дейін Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтың кештерін ұйымдастырған болатын. Енді міне Ұлы Абайдың шығармашылығына бет бұрған. Жылдағы қалыптасқан дәстүрлі шараға Достық үйіндегі «Ақ ниет» аналар ансамблі, ардагерлердің «Көзкөргендер» өнер ұжымы,  зиялы қауым өкілдері мен танымал тұлғалар шақырылған. Кеш барысында №76 Әлихан Бөкейхан атындағы мектептің 10-шы сынып оқушылары ұлы ақынның шығармаларын өз өнерлеріне арқау етті. Сондай-ақ, Абайдың қара сөздері   оқылып, әндері тамылжыта шырқалды. Ерекше көзге түскен қатысушыларға «Алғыс хат» пен арнайы сыйлықтар табысталды. Шұрайлы да шырайлы кеш Ұлыларды ұлықтап, олардың әруағына тағзым етіп, өлмес мұраларын ұрпақ жадында мәңгі қалдыруға бағытталып, ұйымдастырылған.

Венера ИСИНА, «Нұр әсем» фирмасының директоры:

-Біз осындай шығармашылық кештерді өткізуді мықтап, қолға алдық. Өткен жолы Нұрғиса Тілендиевпен Шәмші Қалдаяқовтың кештерін өткіздік. Енді Ұлы Абайдың шығармашылық кешін өткізіп, отырмыз. Ол, Ұлы ақынның-175 жылдығына арналды.

Алтын БАЛТАБАЙҚЫЗЫ, «Ақ ниет» аналар ансамблінің мүшесі, зейнеткер:

-«Нұр әсем» фирмасының басшысы Венера ханымға ризамыз. Бізді арнайы осыған шақырды, Абайдың әндерін орындап, рухани ләззат алдық. Осындай шығармашылық кештердің берері мол.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар