Ұлы тұлғаларды – ұмытпай, ұлықтау ұрпақтың басты парызы

22:08, 10 шілде 2017

Жаңаарқа ауданына қарасты Қарағаш ауылы аумағының жазық даласында жатқан Құдайменде Сұлтан Есім хан ұлының бейітіне ұрпақтарықұлпытас қойды.Ел ағалары мен үрім-бұтақтары көрнекті тұлғаның рухына тағзым етіп, құран оқытты

Қазақстанның түкпір-түкпірінен ат арылтып келгенҚұдайменде төренің ұрпақтары бабасының басына  төрт көзі түгел жиналды.Тау тұлғаның мұрагерлері мен ел ағалары салт-дәстүрімізге сай белгі тасты сауапты амалмен ашты.Түптеп келгенде Құдайменде Сұлтан  Шыңғыс ханның ұрпағы, әрі  «Жеті жарғыны» енгізген Тәуке ханның немересі.Атағы Орта жүзге мәшһүр болған, ордалы ойын  ақылмен безбендеген, көлденең сөзге ермеген парасатты адам болған дейді әпсаналарды ел аузынан естіген жергілікті тұрғындар. Аңыз даланың абызы бағзы заманда Арғын Қуандық елін басқарған.Қайсарда,көрегендігінің арқасында 44 болысты бағындырып, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған. Ал Құдайменді Сұлтанға 18 мың жылқы біткен деген тарихи мәліметте елдің есінде.Асылдың сынығынан жаратылып, дара туған бабамыз 1752-1825 жылдары өмір сүрген. Құдайменді бұлағының сылдырай аққан суыда  дертке шипа. Сұңғыла сұлтанның бес  ұлы мен екі қызы болған. Ресей мұрағаттарынан алынған мәліметтерге сүйенсек танымды тұлға  он сегізінші ғасырдың жетпісінші жылдарында  Обаған жерінің жұртын егіншілікке баулыған. Сонымен қатар Қарпық руының төресі Барақ Сұлтанмен жұмыла Қарақалпақ жеріне  жорық жасағанын айтады өлкетанушылар.Саз-балшықтан құйылған кесенесіде күмбез пішіндес.Мазардың жан-жағын саналы ұрпақтары темір шарбақпен қоршады. Аты барда желіп жүріп халық таныған төре тұқымының ет жақындары мен атымтай азаматтары 80 адамға ас берді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің арасында спартакиада өз жалауын көтерді
17:07, 24 қараша 2017
Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлі...
Толығырақ...
«Қарағанды Жарық» ЖШС  электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 жылда 300 шақырымға артты
17:06, 24 қараша 2017
«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 ж...
Толығырақ...
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті
12:51, 24 қараша 2017
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...