ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ – ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ

16:16, 15 сәуір 2019

Көрнекті ғалым,қоғам және мемлекет қайраткері Қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтің туғанына 120 жыл.Осыңау айтулы да ,атаулы мерекеге орай, еліміздің түкпір-түкпірінде арнайы шаралар басталып кетті. «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында қолға алынған игі бастама Бұқар жырау ауданында жақсы жалғасын тапқан еді

Академик Қаныш Сәтбаевтің 120 жылдық мерейтойына арналған арнайы шара, Бұқар жырау ауданында өтті. Игілікті іс-  алдымен Ботақара кентіндегі 2013 жылы бой көтерген «Даңқ алаңындағы» ғалым ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мерекеге жиылған қауымды   аудан әкімі  құттықтады   

Шагурашид МАМАЛИНОВ, Бұқар жырау ауданының әкімі:

-Құрметті жерлестер, Қаныш бабамыздың ұрпақтары бүгін ерекше мереке.Өйткені,алғашқы академик Қаныш Сәтбаевтің туғанына-120 жыл толып отыр.Осыңау айтулы мерекемен баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймын.

Тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтің туғанына -120 жыл толуына орай ұйымдастырылған арнайы шара мұнымен шектелген жоқ. Нақтырақ айтқанда  «Ақбел» ауылдық округіндегі ғалым есімімен аталатын білім ордасының қара шаңырағында жалғасты. Онда, «Ұлы даланың ұлы перзенті» тақырыбына орай, Қаныш Сәтбаевқа арналған мұражайдың ашылу салтанаты болды.

Мектептегі  үш бөліктен тұратын мұражайда құнды жәдігерлер жетерлік. Оның қатары жыл өткен сайын тың дүниелермен толыға түсуде.

«Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында қазақ хақының біртуар перзенті Қаныш Сәтбаев  мұражайының ашылу салтанатына алыс-жақыннан туған-туыстары мен ұрапақтары және арнайы шақырылған қонақтар келіп, қатысты.

Рахметолла ӘМИНОВ, Қаныш Сәтбаевтың ұрпағы:

-Мен өте қуаныштымын.Біз Қаныш Имантайұлымен немере туыс болып келеміз.Сондықтан осы шараны ұйымдастырып жатқан мектеп ұжымына айтар алғысым шексіз.

1991 жылдан бастап ғалым атын иеленген мектепте бүгінде,-120 оқушы  тәрбие алуда.Оларға 30-ға жуық жоғары білікті ұстаздар дәріс береді.

Жасұлан ХАМИТОВ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:            

-Білім ордасының қара шаңырағында осындай ауқымды шаралар жиі өтіп тұрады.Бұл өскелең ұрпақ үшін өте қажет.Бүгінгі ашылып, жатқан Қаныш Сәтбаевтің мұражайы соның айғағы

Мектеп оқушысы Аружан Ғылымова 11сыныпта оқиды . Ол, академик атасын үнемі мақтан ететінін айтып, ағынан жарылды. Осындай мұражайлардың ашылуы Ұлы тұлғаларға деген шексіз құрмет дейді, ол

Аружан ҒЫЛЫМОВА, Қаныш Сәтбаев атындағы мектептің  оқушысы:

-Мен осындай академик аталарымды мақтан етемін.Біздің мектеп 1991 жылы,Ел тәуелсіздік алғалы бері академик атамыздың атымен аталады.Сондықтан бүгін осында ол кісіге арналып,мұражай ашылып жатыр.Өте қуаныштымын

 «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты Қаныш Сәтбаевтің мұражайының ашылуына арналған салтанатты шара - театрландырылған қойылым мен  және мерекелік концерпен өз жалғасын тапты.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар