ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫ

18:15, 14 шілде 2017

Елорда да өтіп жатқан «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне атсалысып жүрген белсенді жастар арасында «Ұлы дала қуаты» атты республикалық сайыс облыс орталығында өтті. Үш тілді жетік меңгерген еріктілер еліміздің алты облысынан қатысып, бас жүлде үшін таласқа түсті

Бұл жастар әр облыстан жиылған қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып келе жатқан еріктілер. Бір айдан астам Астана төріндегі ЭКСПО көрмесінде шет ел қонақтарына мүлтіксіз қызмет еткендер. Бүгін, міне «Ұлы дала қуаты» байқауында бас қосып отыр. Сайысқа түскен алты топ ішінде Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай және Оңтүстік. Солтүстік Қазақстан облыстарының еріктілер құрамасы бар. Көрмеде өзін жақсы қырынан көрсете білген студент Әлия Мұхамеджанова республикалық додада Қарағанды құрамасы атынан қатысып отыр. Талайды тамсандыратын тың жобаларды Елордада көзбен көріп қайтқан Әлияның балалмалы энергияны дамытуға деген ықыласы артқан. Алғашқы айналым бойынша байқау шымылдығын  Ақтөбе құрамасы ерекше қойылыммен ашты. Әнмен ырғаққа толы қимыл қозғалыс, рухани жігер беретін өлеңдер оқылып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Олардың өнерлеріне қазылар да жоғары бағасын беріп үлгерді. Одан бөлек, еріктілер «Қазақстан-Еуразия жүрегінде» айналымы бойынша сайысқа түсті. Ағылшын тілінде өткен кезеңде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, «Байқоңыр» ғарыш айлағы секілді маңызды орындар туралы мағлұматтар беріліп, түрлі көріністер қойылды. Шараға жетекшілік еткен жергілікті «Жастар ресурстық орталығы» мамандары «Баламалы энергия- әлем келешегі» екеніне сенімді. Үміткерлер байқау аясында ұлттық ойындарды да ұлықтайтын салт-дәстүр бойынша бақтарын сынады. Жеңімпаздар соңында сыйлықтарға ие болып, сертификаттармен марапатталды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте  робототехника сыныбы ашылды
17:45, 20 қыркүйек 2017
Жезқазған қаласында биылғы оқу жылында 5 мектепте робототех...
Толығырақ...