Ұлы Дала төсі небір тарихи ескерткіштерге бай

15:32, 6 қыркүйек 2017

Олардың көбісі бүгінде әлемдік асыл мұраның қатарына қосылған. Десек те, ықылам заманнан топырақ астында қалған рухани қазынамызды іздестіру шаралары күн тәртібінен түспек емес. Әсіресе, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бұл іске үлкен қозғау салғаны анық

Бұл көріп отырғандарыңыз Шет ауданы Үңірек ауылының іргесінен түсірілген көріністер. Белгілі археолог Жолдасбек  Құрманқұловтың жетекшілігіндегі археологиялық экспедиция осы арада бір айдан бері қазба-іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын.Таяуда олар қыр басындағы қорымнан елді елең еткізетін тас мүсіндерді тапты. Ғалымның болжауы бойынша бұл ғибадатхана көне қыпшақ кезеңіне жатады. Әдетте, мұндай орынға еркек пен әйел жеке жеке қойылады. Ал бұл қорымға екеуі қатар жерленген.Оған дәлел еркек пен әйел адамның тас мүсіндерінің табылуы. Археологтар балбалтастың әрбір ұсақ  бедері айқын көрінуі үшін арнайы қағазбен орап қойыпты.Назар салсаңыздар қолына кесе ұстаған әйел адам басынан аяғына дейін толық кескінделген. Екінші балбалтастан ер адамның сұлбасын анық танисыз. Ғибадатханадан тағы бірнеше тас мүсіндер қазылып алынған. Бірақ олардың сапасы төмен, әбден мүжілген. Археологтар әзірше Үңіректің іргесіндегі төбені үңгіп қазба іздестіру шараларын жалғастыра бермекші.

Әшімхан ЖӘМПЕЙІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар