«ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ» ФЕСТИВАЛІ

13:58, 12 маусым 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ізімен Жезқазған қаласында «Ұлы дала мұрасы атты» Халықаралық мұражай фестивалі өтуде.Ол мысты шаһардың 65 жылдық мерейтойына арналған.Оған Жезқазған қаласы әкімдігі мен Қарағанды облысының мәдениет,мұрағат және құжаттама басқармасы мен Жезқазған тарихи-архелогиялық мұражайы қолдау көрсетіп отыр

Фестивальге алыс-жақын шет елдерден және Қазақстанның  қала аудандарынан 18 мұражай мен мұрағат өкілдері келді.Жезқазған тарихи-архелогиялық мұражай алаңында  салтанатты жағдайда ашылды.

Зина АҚЫЛБЕКОВА, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:

-Біздің қаламыз мысты шаһар Жезқазған қаласы өзінің 65 жылдық мемрейтойын атап өтіп жатыр. Біз үшін осы фестивальге жалпы мерейлі жылда өтіп жатқан фестивальге Түркия, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолиядан жалпы Республикамыздан 20 музей қызметкерлері қатысып отырғаны біз үшін үлкен дәреже.

Жезқазғандағы «Ұлы дала мұрасы» атты фестивальге қатысушылардың бірі-  Мұңғұлияның Баян Өлгей елінен келген қонағымыз Бекзат Қазбекұлы.Өз алған әсері мен былайша бөлісті

Бекзат ҚАЗБЕКҰЛЫ, Баянөлги өлкесінің  әлемдік саясат бөлімінің басшысы:

-Осы Жезқазған музейінің шақыруымен осында келіп жеттік. Кешеден бері осы Жезқазған қаласындамыз. Осы Рухани бағдар Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасымен осы фестивальға қатысып жатырмыз. Жаңа өзіңіз айттыңыз, көне сақ дәуірінен бері біздің ата-бабамыз жылқыны қолға үйрету, ертұрманды үйрету деген сияқты көне дәлелдер біздің еліміздің жерлерінде де бар.

Фестиваль аясында дәстүрлі «Тарихта өз атынды қалдыр»жобасы да ұмыт қалмады.Мұражай қорын құнды жәдігерлер мен толықтыруды мақсат еткен жоба аясында жыл басынан бері Жезқазған-Ұлытау аймағының тұрғындары мұражайға 300-ге жуық құнды жәдігер өткізген.Оны аралау барысында көз жеткіздік.Жобаның жүзеге асуына ат салысып белсенділік танытқандар алғыс хаттар мен марапатталды

Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар  жалғасуда

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар