«ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ»

14:08, 12 маусым 2019

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында «Ұлы дала мұрасы» атты мұражайлар фестивалі өтті. Фестивальге Түркия, Қытай, Монғолия секілдіалыс-жақын шетелдер мен Қазақстан мұражайлары мен мұрағат қызметкерлері қатысты. Шара барысында Жезқазғандық мұржайына 60-қа жуық жәдігер көрмеге қойылды.

Үш тілде өткен фестиваль барысында белгілі суретшілер мен қолөнершілердің басын қосқан «Хас шеберлер шеруі» өтті. Шараға қатысушылар өнер шеберлерінен шеберлік сабақтарын алу мүмкіндігіне ие болды.

Руслан ӘШІМОВ, ҚР ҚК әскери-тарихи музейінің рестовраторы:

-Бұл адырна. Оған кіріс тағылады. Жібі керілген адырнаны жай деп атайды.

Әр жерден келген мұражай  қызметкерлері түрлі материалдардан жасалған ерекше жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, қала тұрғындары мен қонақтарын бұйымды дайындау барысымен таныстырды. Тарихи-этнографиялық маңызы зор шараға «Ақ әжелер» ансамблі де қатысып, ұлттық тағамдарды әзірлеу құпияларымен бөлісті.

Лариса ПЛЕТНИКОВА, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-мұражайының қызметкері:

-Мен бұл фестивальдің жыл сайын өтуін тілеймін. Мұнда адамдар тек бір-бірін көру үшін ғана емес, музей саласында қандай жаңалықтар болып жатқанын біліп, өзара тәжірибе алмасса деймін.

Іс-шара «Ұлы дала мұрасы» экспозициясы мен «Ұлы дала жауҺарлары» көрмесінің ашылуымен жалғасты. Мұнда Жезқазған қаласы мұражайының қызметкерлері Кешубай Байділдинов пен Сабира Өткелованың қолынан шыққан «Алтын адамның» көшірмесі қойылды. Музей ұжымын облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев  жәдігерлер қатарының толығуымен құттықтады.

Сәния ОРЫНБАСАР

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар