ҰЛЫ ДАЛА ФЕСТИВАЛІ

16:47, 16 сәуір 2018

Қарағанды қаласында «Ұлы дала» фестивалі өтті

Мереке Майқұдық ықшам ауданында балалар мен жасөспірімдер клубтарының қатысуымен ұйымдастырылды. Фестиваль аяында кішкентай өнерпаздар  өз өнерлерін ортаға салды. Шараны ұйымдастырушы «Шахтер» стадионы тұрғындарға мазмұнды, мәдени-сауық бағдарлама ұсынды. Фестиваль аясында түрлі халық билері көрсетіліп, спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Көрермендер қолөнершілердің жәрмеңкесін де тамашалады. Бұл Октябрь ауданының шығармашылық ұжымдардың еңбегі. Сонымен қатар шараға келген әрбір тұрғын ұлттық тағамдардан дәм татты.  Іс-шараның мақсаты -  өскелең ұрпақты патриоттық асыл қасиетке  тәрбиеу. Оларға еліміздің мәдени мұрасын таныту болып табылады, дейді ұйымдастырушылар.

Марина ГАЛЯС «Шахтёр» ҚМҚК әдіскері

Тұрғындарға,  біздің халыққа салт-дәстүрлерімізді таныстыру. Бүгінгі фестивальде өзіміздің балалар мен жасөспірімдер клубтарының күштерімен дайындалған бағдарламалар ұсынып отырмыз.

Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылып отыр.Шараға барлығы 200-ге жуық бала қатысты. Мұнда келген әрбір тұрғын концерт тамашалап, уақыттарын тиімді өткізе алуға мүмкіндік алды. 

Толғанай МАҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Әр праздник сайын фестиваль өтіп тұрады. Маған бұл жер ұнайды, қызық.

Тәрбие ҚАРТПАЕВА Қарағанды қаласының тұрғыны

Халық үшін осы үлгі-өнеге болады. Мінекей, мына ұлттық киім, тағамдарды насихат ету.

Ұйымдастырушылар мұндай фестивалді   дәстүрлі түрде жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр

Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...