ҰЛТТЫҚ ҰЛАНҒА - 27 ЖЫЛ

13:39, 11 қаңтар 2019

Қазақстан Ұлттық Ұланның құрылғанына 27 жыл толды. Атаулы мерзімге орай, «Молодежный» Мәдениет үйінда салтанатты шара өтті.Ардагерлер мен үздік әскери қызметшілер «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

52859 әскери бөлімінің алдында аса маңызды міндеттер тұр. Жауынгерлер төтенше жағдай мен тосын оқиғаның алдын алады. Олар топан судан, тіпті кез-келген  зілзаладан халықты құтқару үшін еліміздің түкпір-түкпіріне барып, үнемі оқиға ортасынан табылады. Осы жылдар аралығында әскерилер өздерінің нағыз ержүрек жауынгерлер екенін дәлелдеп, ерліктің небір үлгілерін көрсеткен.

Талғат ӘБДІРОВ, 52859 әскери бөлімінің командирі:

-2015 жылы Бас қолбасшы,Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ұлан туралы заңға қол қойды.Бұл біздің дамуымызға жол ашты.Еліміздің ішкі қаупсіздігі мемлекет қауіпсіздігі деп білемін.

Осыдан 27 жыл бұрын елімізде ішкі әскерлер құрылды. Оған Қазақстанның Ұлттық Ұланы  атауы берілгенді. Жауынгерлер еліміздің аса маңызды деген нысандарын күзетеді. Олардың әрқайсысының мойнында ішкі қауіпсіздік пен еліміздің тұтастығы тұр

Әрмияш ҚАЛЫКБЕРГЕНОВ, 52859 әскери бөлімінің ардагері:   

-Республиканың Ұлттық ұланы өзінің 27 жылдығын атап өтуде. Олар әскер мен халық бірге деп ұрандайды.Халық намысын қолдан бермейді.Біз оларға зор сенім артамыз.

Мерекелік шара барысында әскерилер өз атқарып жүрген абыройлы міндеттеріне зор жауапкершілікпен қарайтындықтарын айтты.Үздік жауынгерлер «Құрмет грамоталарымен» марапатталды

  Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар