ҰЛТТЫҚ ҰЛАН - ҰЛТ ҚОРҒАНЫ

12:14, 14 қаңтар 2020

Биыл ҚР Ұлттық Ұланның құрылғанына -28 жыл. Айбыны асқақ әскери құрылымның кәсіби мерекесіне орай «Орталық» өңірлік қолбасшылығы салтанатты жиын ұйымдастырды. Патриоттық шарада саланың қырандай қырағы қызметкерлері медаль және грамоталармен марапаттталды.

ҚР Ұлттық Ұланы осыдан 28 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес құрылған болатын.Ширек ғасырдан астам уақыт аралығында қуатты әскери құрылым егемен елдің қорғанышы мен мақтанышына айналды.Бір ғана мысал, былтыр «Орталық» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары 3 мыңнан астам жауынгерлік тапсырманы бұлжытпай орындаған. 

Қанат БЕЛЯКОВ,  «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары:

-2019 жылдың қорытындысына қарайтын болсақ,  3 жарымға мыңға жуық қоғамдық тәртіпті бұзушылар ішкі істер органдарына жеткізілген болатын. Өзіне жүктелген міндеттерді Ұлттық ұланның құрылымдары абыроймен атқаруда.Осындай жетістіктермен кәсіби мерекемізге жетіп отырмыз.

Бейбіт Төлеуов «Орталық» өңірлік қолбасшылығының әскери  полиция бөлімінде аға анықтаушысы болып қызмет атқарады.Оның осы салада табан аудармай  жұмыс істегеніне 17 жылдың жүзі болған.Міндетін мүлтіксіз өткеріп жүрген азаматтың осы күні  аты  асқақтады.Еңбегімен ерекшеленген подполковникке ҚР Ішкі істер министрінің «Алғыс хаты» табысталды.

Бейбіт ТӨЛЕУОВ,  әскери полиция бөлімінің аға анықтаушысы:

-Патриоттық болудың сыры- өзіңнің мамандығына берік болу. Сол мамандықты сүю. Және Отанға деген адал қызмет деп ойлаймын.

Кәсіби мерекеге арналған жиында сертіне берік, антына адал бірқатар әскерилер «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.Жауапты қызмет барысында ептілігімен көзге түсіп, қоғам тыныштығын сақтауға аянбай атсалысқан азаматтар «Ұлттық ұланның үздігі» атты төс белгісімен ұлықталды. Сонымен қатар байланыс бөлімінің бастығы  майор Олжас Әлібеков мерзімінен бұрын подполковник шенін алды.Сенімге селкеу салмаған жігіттерге  «Алғыс хаттар» мен «Құрмет» грамоталары салтанатты жағдайда тапсырылды.

Мәртебелі марапат соңы,ұландардың ерен ерлігі мен темірдей тегеурінділігін әспеттейтін әсерлі концертпен жалғасты.Арыстандай айбатты сайыпқырандардың құрметіне өнерпаздар патриоттық әндер шырқады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ, Еркеұлан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар