ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕР КҮНІ

20:21, 4 маусым 2020

Бүгін,Қазақстан халқы - мемлекеттік Рәміздер күнін атап өтуде.Осыдан 28 жыл бұрын,4-ші маусымда Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген еді.Бұл мейрам жыл сайын жоғары дәрежеде аталу үстінде.Осыған орай,облыс әкімінің төрағалығы мен онлайндық жүйеде дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған қоғам және мемлекет қайраткерлері, ұстаздар мен спортшылар қатысты

Дөңгелек үстел отырысы Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды.Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек кездесуге қатысушыларды мемлекеттік Рәміздер күні мен шын жүректен құттықтады.   

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Құрметті достар, бұл мейрам әр қазақстандықтың бойына патриоттық сезімді қалыптастырды.Оларға рух берді.Елге сүйікті отанына деген сүйіспеншілігін одан әрі арттыра түсті. Бұл еліміз үшін үлкен айтулы мейрамдардың бірі.Мереке құтты болсын!  

Арнайы шараға шақырылғандардың бірі,Қазақстан елтаңбасының авторы -Жандарбек Мәлібеков пен Шоқан Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдиновтар болды.Олар мемлекеттік рәміздердің әрқайсысына айрықша тоқталды.

Жандарбек МӘЛІБЕКҰЛЫ, ҚР Елтаңба авторы, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Қарағанды облысы халқын мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын.Қазақ халқының үлкен мерекесі.Сондықтан оның мәні мен маңызы зор.Мемлекеттік рәміздер күнін атауда Елбасының еңбегі зор.Ол өлшеусіз үлес қосты.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да ерең еңбегін айтпасқа болмас. Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері оған өлшеусіз үлес қосты

Мерекеге орай, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан бір топ азаматтарға облыс әкімінің «Алғыс хаттары»  табысталды.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар