ҰЛТ САУЛЫҒЫ ҮШІН

13:46, 9 шілде 2019

Нұра ауданының Ахмет ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Медициналық мекеменің құрылысына бюджеттен 100 млн теңге ақша жұмсалыпты. Ғимаратың салтанатты ашылу салтанатына тұрғындар қатысып, өз қуаныштарымен бөлісті. Себебі жергілікті халық медігер компания жұмысын жоғары бағалады

Ахметтік ауылының тұрғындары бұл күнді ұзақ күтті. Ертеде салынған бұрыңғы ғимарат жылдар өте келе әбден тозығы жетті. Мына жаңа дәрігерлік амбулатоияның құрылысы былтыр қыркүйек айында басталған көрнеді. Бүгін міне халық игілігне беріліп отыр. Мұнда тіпті нысан сырты да талапқа сай аббаттандырылған.

Мұратбек ТҰРАРОВ, Нұра ауданы  әкімінің міндетін атқарушы:

-Бүгінде ауданымызда денсаулық сақтау саласына жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Биыл 1 маусымнан бастап жалақысы төмен медициналық қызметкерлердің еңбекақысы 30 пайызға өсті. Бүгін ел игілігіне бергелі отырған дәрігерлік амбулаторияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Науқастар аз болсын!

Емдеу мекемесінің құрылыс сапасы тұрғындар көңілінен шықты. Мұндағы әр бөлме қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген.  Алғашқы медициналық қызмет көрестуге барлық жағдай жасалған. Педиатор, қан тапсыру, акушер гинеколог және қабылдау бөлімдері жұмыс істейді. Күндізгі уақытта емалатын 2 төсекті күндізгі стационар да бар.

Гауһар ОРАЗАЛИНА, Ахмет ауылының тұрғыны:

-Бұрын ескі ғимарат менің бала кезімдегі ғимарат еді. Жаңамен ескіні салыстыруға келмейді ғой. Барлық кабинетті аралап шықтым. Бар кабинеттері ұнады. Бас дәрігердің, акушер геникологтың, бала медбикесі кабинетінде болдым. Бәрі ұнайды. Бәрі жаңа.

Енді 1200 халқы бар Ахмет ауылына білікті  дәрігерлер  қызмет көрсететін болады. Халық игілігіне берілген  дәрігерлік амбулаторияның арқасында   жаңадан 6 жұмыс орны ашылды.  Келешекте Кертінді, Заречный, Байтуған ауылдарында дәл осындай медициналық мекеме салынып, қолданысқа берілмекші.

Бақытгүл МҰҚЫШЕВА, Нұра аудандық ауруханасының бас дәрігері:

-Былтыр бізге 4-5 дәрігер келіп, оларға аудан тарапынан жақсы квартиралар беріліп, олар өз тұрмысын жақсартып алды. Мұның бәрі маған қуанышты. Себебі олар тұрақты жұмыс істейді деп сенемін.Биыл 7 дәрігермен договор жасап қойдым. Енді аудан әкімдігінің көмегімен оларға да жағдай жасалып жатыр.

Жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу құрметіне түрлі акциялар ауыл ағайындарына арналып ұйымдастырылды. Аудандық аурухананың аққалатты абзал жандары, тұрғындарды тегін түрде толық тексерістен өткізіп, қажетті емдік шаралар жүргізді. Бұған қоса халық - денсаулықтарына байланысты дәрігерлерден қажетті кеңестер алды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар