ҰЛТ САУЛЫҒЫ ҮШІН

17:46, 11 сәуір 2019

Карағанды облысында биыл 5 жаңа емхана салынады. Балалар емдеу орталығы Пришахтинск елді мекенінде, екеуі Майқұдықта бой көтермек. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі өңірлік комуникациялық орталығында өткен брифингте журналистерге мәлімдеді

Пришахтискде салынатын балалар емханасы 17 мың бүлдіршінге арналған. Қазір әр емханаға тіркелген балғындар саны 50 000 - 60000 жетеді. Медициналық мекемелердегі ұзын сонар кезектің себебі де сол. Алда Майқұдық елдімекені мен Балхаш, Теміртау, қалаларында да осындай емханалар ашылмақшы.  

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

-Мәселен 2 жылдық жобаны аяқтауға жақын қалдық. Жезқазғанда медициналық қалашық ашылады. Бұл жоба аясында диагностикалық кеңес беру орталығы өз жұмысын бастайды.Кәсіпкерлік 3 мың шаршы метрге лайықталған, соңңғғы медициналық техникалармен жабдықталатын болады. 

Ал жастар денсаулық орталығы барлық аудандарда ашылады. Онда жас буын өкілдеріне тәулік бойы психологиялық көмек көрсетілмек.

Ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызмет көрсету басты назарда. 2019 жылы Қарағайлы кентінде  дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталады. Сонымен қатар биыл жылжымалы дәріхана жобасы өз жұмысын бастауды жоспарлауда.

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

-Ауылдағы барлық тұрғындар сапалы дәрі дәрмекке қол жеткізе алмайды. Себебі бизнес өкілдеріне тиімді болмағандықтан дәріхана жоқ.  Сондықтан бұл жауапкершілікті біз өз монйымызға алып отырмыз.  Белгілі кесте бойынша жылжымалы дәріханалар ауыл аймақтарды аралайтын болады.

Ержан Нұрлыбаевқа журналистер тарапынан жолданған сауалдар жетерлік. Әсіресе, жұқпалы ауруларды емдейтін аурухағана тағар сын көп. БАҚ –рына тұрғындар тарапынан аталған медицина мекемесіне шағым көп.  Айтуларынша ғимараттың ішкі келбетімен науқастарға берілетін төсек жабдықтары көңіл қуантпайды.

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

-Биыл ғимаратты жөндеу жұмстарына   250 миллион тенге бөлінген. Қайта қалпына келтіру шаралары бірден емес, біртіндеп жүреді.  Төсек орын жабдықтары күрделі тазаланатындықтан шыдамайды. Қазір бір-ақ рет қана қолданылатын төсек орын жабдықтары беруді қарайластырып жатырмыз.

Облыстың бас дәрігері аталған  ауруханадағы ескі терезелері  де біртіндеп  ауыстырылады,-деп сөз берді .

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар