ҰЛТ САУЛЫҒЫ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ

16:17, 8 қараша 2018

Қарағанды облысында «Отбасылық денсаулық орталық» қатары көбейеді. Сондай-ақ ауруханаларда алдағы жылдары кадр тапшылығы болмайды. Бұл проблеманы шешу үшін жергілікті билік мамандарды қызметтік пәтермен қамтымақ. Бұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев орталық коммуникациялар қызметнің брифингісінде мәлімдеді.

Қазір Қарағанды облысында 1 дәрігерге орташа есеппен 1850 адам қаралуға келеді. Бұл белгіленген межеден көп. Сондықтан алдағы 3 жылда Қарағанды облысында отбасылық денсаулық орталықтарының қатарын көбейту жоспарланған. Келесі жылы көктемде мемлекеттік жекемсеншік әріптестік аясында 3 орталықтың құрылысы Қарағанды қаласында басталады. 

Ержан Нұрлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Елбасы Қарағанды облысына келген кезекті іс сапарында «Арселлор Миттал Теміртау» АҚ басшлығна дәл осындай отбасылық денсаулық орталықтарын Теміртау қаласында салуды тапсырды. Қазір негізгі орын белгіленді. Тақауда құрылысын бастайтын боламыз. 

Қазір аймақта кадр тапшылығы 60 дәрігерді құрайды. Бұл проблеманы шешу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен қызметтік пәтерлер қатарын арттыру   қолға алынған. Биыл Балқаш қаласында 16 жас маман баспанамен қамтылды.Шахтинск пен Саран қалаларында да бірегей жоба өз жемісін беруде.

Ержан Нұрлыбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-13 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы келесі жылы Абай ауданында басталатын болады. Бұл бастама Теміртау қаласында өз жалғасын табады. Қаражал қаласы әкімдігінің сұранысы бойынша 16 қызметтік  пәтер қолданысқа беріледі. Соынмен қатар Қарқаралы ауданындағы бұрыңғы жатақхана жөнделіп, қайта қалпына келтіріліп, жас мамандар игілігне ұсынылады.

Науқастарға сапалы қызмет көрсуті үшін дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру әсте маңызды. Бұл мақсатта 2019 жылы көктемде Қарағанды қаласында клинкалық оқу орталығы ашылып, озық қондырғылармен жабдықталмақшы. Астана қаласының тәжірибелі дәрігерлері келіп, қарағандылық ақ халаттыларға дәріс оқитын болады. Жалпы медициналық қызметкерлерді оқытуға жыл сайын қазынадан 76 млн теңгедей қаржы бөлінеді екен.

Гүлбақша АҚЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...